Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда120835
Бір айда8250
Бір аптада2730
Кеше464
Тәулік285
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 140
өздігінен білім алу - 95
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 32
электрондық ресурстардан - 10
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 283
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
 Гимназия жаңалықтары:
9-қаңтар күні барлық білім ордаларында облыс әкімінің ұсыны бойынша шахмат кабинеттері ашылды. Ашылу салтанатына мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар қатысып, «Біруақыттағы шеберлік ойыны» ұйымдастырылды. Гимназиямызда да шахмат үйірмесінің ашылуына орай үйірменің жаттықтырушы Бердалина Салтанат Жолдасбекқызы «Біруақыттағы ойын» өткізіп, оған қала мектептерінен бірнеше оқушылар қатысты.
Павлодар облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес 5-6 қаңтар аралығында жалпы пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектебімізден 27 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 7 оқушы марапатталды. Оқушылар мен дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Жаңа жылдық шыршаға арналған мерекелік шаралар мектебімізде 27-29 желтоқсан күндері өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары «Мадагаскар» ертегісі кейіпкерлерімен бірге сайыстарға қатысып, шыршаны айнала әсем ән мен түрлі би билеп, Аяз атаның сыйлықтарын алды. Ал 5-7 сынып оқушыларына арналған шыршада сыныптар түрлі жанрда құттықтаулар айтып, жаңа жыл, пинокио басқа да кейіпкерлермен түрлі ойындар ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Гимназия жаңалықтарының мұрағаты
Гимназия тынысы