Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Ата-аналар арасындағы волейбол жарысы
25-02-2023 16:17
Ата-аналар арасындағы волейбол жарысы
Гимназияда ата-аналар арасындағы волейбол жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биылғы жарысты өткізуге 6”а” сынып ата-аналары бастамашыл болды. Жарысқа 3, 4, 5, 6 сынып ата аналары командалары қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде: ЖЕҢІМПАЗ - 6”А” сынып командасы; 1-орын - 4”Ә” сынып командасы; 2-орын - 5”А” сынып командасы; 3-орын - 3 сынып командасы.
Облыстық Тоғызқұмалақ жарысының жүлдегерлері
24-02-2023 18:05
Облыстық Тоғызқұмалақ жарысының жүлдегерлері
Дарынды мектептер арасында ұйымдастырылған облыстық Тоғызқұмалақ жарысында оқушыларымыз биік жетістіктер көрсетті: 1 орын Каркен Айя,4а сынып оқушысы; 2 орын Төлеу Алихан,10 сынып оқушысы; 2 орын Шахмет Арнұр,8ә сынып оқушысы; 3 орын Асанбай Жадыра, 9а сынып оқушысы. Оқушыларымызды және жетекшілері Хавал Нұртай мен Ермек Маратұлын құттықтаймыз!
Кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс
24-02-2023 16:51
Кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс
Психология апталығының аясында кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс болып өтті. Пікірсайыстың мақсаты жас жеткіншектердің шешендік өнерін дамыту, еркін сөйлеп көзқарастарын дәлелдеуге үйрету. Пікірсайыс БПФ форматында болып өтті. Ойынның қарары: "Бұл палата балаларының төмен бағалары үшін ата-аналарына айыппұл салады". Пікірсайыстың жеңімпаздары 5а-сынып оқушылары Амангелді Назира, Жаналхан Айсұлтан.
Бастауыш сынып апталығы
23-02-2023 16:05
Бастауыш сынып апталығы
Бастауыш сынып апталығы барысында "Таңғажайып табиғат", "Алтын асық", "Сөзмерген" танымдық-зияткерлік ойындары өткізілді.
Бастауыш сыныптар апталығы
22-02-2023 16:15
Бастауыш сыныптар апталығы
Бастауыш сыныптар апталығы аясында 3-4-сынып оқушылары М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың 130 жылдығы, Төле бидің 360 жылдығына орай өмірбаяны мен шығармашылығы туралы таныстырылым әзірлеп, сыныптастарына таныстырды. Сонымен қатар 4-сыныптар арасында қазақ тілінен олимпиада ұйымдастырылды.
Психология апталығы
21-02-2023 19:29
Психология апталығы
Психология апталығында оқушылармен қозғалмалы әрі қызықты ойындар өткізілді. 3-5 сынып оқушылары ойындар арқылы бірігіп әрекет етуге,шешім қабылдауға және қолдау көрсетуге үйренді.
ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ
21-02-2023 17:11
ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ
20-25 ақпан аралығында мектебімізде "ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ" өтуде. Алғашқы күн "Қарым-қатынастар күні" деп аталып, керемет акциядан басталды. Бір-бірімізге жылы сөздеріміз бен жарқын көңіл -күйімізді сыйлай білейік.
Облыстық олимпиадада гимназия оқушыларының жеңісі
20-02-2023 18:13
Облыстық олимпиадада гимназия оқушыларының жеңісі
Облыстық олимпиадада жүлделі орын алған оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз! Каиржанова Аида, Амангелді Нұрәділ – 1 орын, Сайыпова Әсем, Алимова Томирис, Асылхан Альтаир – 2 орын, Жиенхан Сая, Нургалиева Медина, Есельбаев Ардан, Жалешева Айым, Абишева Дильназ, Калмахан Жасмин – 3 орын.
Әдістемелік қолдау жалғасуда
15-02-2023 18:17
Әдістемелік қолдау жалғасуда
Май ауданы мектептерінің тәрбие жөніндегі орынбасарларымен “Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру”тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Бакирбекова МІБ ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мақсат,міндеттері, түрлері мен формасы, қолданылатын әдістерін таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Оқушыларымыздың спорттағы жетістігін мақтан етеміз!
14-02-2023 18:14
Оқушыларымыздың спорттағы жетістігін мақтан етеміз!
8ә-сынып оқушысы Шахмет Арнұр тоғызқұмалақ бойынша "ҚР спорт шеберлігіне кандидат" спорт разрядына ие болса, 6б-сынып оқушысы Искакова Аяна ХІХ облыстық қысқы Гимназиядада үстел теннисінен ІІ орынға ие болды. Оқушыларымызды құттықтаймыз!
Бастауыш сынып апталығының ашылуы
13-02-2023 16:37
Бастауыш сынып апталығының ашылуы
Бастауыш сынып апталығының алғашқы күні көңілді сәлемдесуден басталды. Қоңырауда балалар түрлі аялдамаларда қызықты тапсырмалар орындап, басқатырмақтар шешеті. Сонлай-ақ балалар М. Әлімбаевтың өмірбаяны мен шығармалары туралы түрлі тапсырмаларды орындап, көркем жазу байқауына қатысты. Балаларға сәттілік тілейміз.
“STEM білім беруде” жобасы
11-02-2023 17:45
“STEM білім беруде” жобасы
Гимназиясда 10-ақпан күні "Қазақстандағы бүгінгі мектеп жағдайындағы STEM білім беру" атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатты екі бөліммен гимназияның физика және информатика пәнінің мұғалімі Атик Б. В. ұйымдастырды. Облысымыздың әр мектептерінен жиналған мұғалімдеріне STEM білім беру тұжырымдамасы, мақсат-міндеттері, әдістері, күтілетін нәтижелерімен таныстырып, тәжірибе жүзінде іске асыру жолдарын көрсетті.