Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Дарынды мектептер арасында «Алау-2023» әскери-патриоттық жарысы өтті.
11-02-2023 17:16
Дарынды мектептер арасында «Алау-2023» әскери-патриоттық жарысы өтті.
Әскери киінген жарыс қатысушылары белтемірде тартылу, пневматикалық мылтықпен ату, калашников автоматын бөлшектеп жинау, әскери қорғаныш кешенін уақытқа кию бойынша сынасты. Нәтижесінде гимназия командасы “Кермеде тартылу”, “АК-74 жартылай бөлшектеп жинау” бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі М.С.Джамалбаев. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында МИФ апталығы
10-02-2023 17:05
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында МИФ апталығы
Апталықтың алғашқы күндері информатика мұғалімі Жеңісхан Н. мен математика мұғалімі Катепбай А. Май ауданы жас мамандарына ашық сабақ берді. Апталықты қорытындылау мақсатында Ақсу қаласының құрметті азаматшасы Сламбекова Рымкеш Хамитовнамен «Дара жол» танымдық бағдарламасы ұйымдастырылып, Рымкеш Хамитовна оқушылармен өзінің өнегелі сөзі мен жүріп өткен дара жолындағы қызықтарымен бөлісті.
Мамандандырылған мектептер арасында ағылшын тілінде дебат
09-02-2023 18:11
Мамандандырылған мектептер арасында ағылшын тілінде дебат
8 ақпан күні гимназияда облыстық мамандандырылған мектеп оқушыларының арасында ағылшын тілінде жолдастық дебат турнирі ұйымдастырылды. Ойын БПФ форматы бойынша 2 айналымда өтті. Жартылай финалда командалар «Бұл палата көптілді оқыту оқушылардың білім сапасына оң әсерін тигізеді деп есептейді» қарары бойынша ойнады. Турнир жеңімпаздары кубок, дипломмен және шағын сыйлықтармен, қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
"ACTION RESEARCH" тақырыбындағы коучинг
07-02-2023 14:05
6 ақпан күні гимназиямызда мұғалімдерге арналған «Іс әрекетті зерттеу (ACTION RESEARCH)» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингте директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары, тренер Г.Н.Оразова мен директордың ғылым жөніндегі орынбасары К.М.Аккентаева мұғалімдерді зерттеу кезеңдерімен таныстырып, бұл ретте ең маңыздысы жүйелілік екендігі айтылып өтілді.
“Қасиетті ішектер” қалалық байқауының жүлдегерлері
05-02-2023 17:30
“Қасиетті ішектер” қалалық байқауының жүлдегерлері
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған “Қасиетті ішектер” қалалық орындаушылық шеберлік байқауының жүлдегерлері Маркс Нұртас пен Атаканова Томиристі құттықтаймыз!
Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу
04-02-2023 10:17
Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу
3 ақпан күні мамандандырылған мектептердің жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдеріне арнап “Тілдік орта құру арқылы мектеп оқушыларының көптілділігін қалыптастыру” тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар барысында гимназияның физика пәні мұғалімдері А.С.Қабылбекова, Б.В.Атик Б.В., информатика мұғалімі Э.Т.Абылгазина және химия пәні мұғалімі Г.Е. Сыздыкова ашық сабақтар көрсетті.
Гимназия оқушылары “Халық радиосында” қонақта
28-01-2023 19:06
Гимназия оқушылары “Халық радиосында” қонақта
“Самғау” командасы "Халық радиосы" радиоканалының "Айқын” бағдарламасына сұхбат беріп келді. Астана қаласында 2 рет өткен First чемпионатының бірінде 1 орын, екіншісінде номинацияға ие болған дағды-іскерлік, шығармашылық қабілеттері туралы айтып, ой бөлісті. Бұл хабарда команда мүшелері First халықаралық сайысының шарттары мен бөлімдері, құндылықтар мен инновациялық жоба және робот ойыны туралы айтты.
Stem - ғылыми-техникалық техникалық білім негізі
28-01-2023 18:05
Stem - ғылыми-техникалық техникалық білім негізі
Гимназиямызда «STEM-ғылыми-техникалық білім негізі» атты жоба жүзеге асырылуда. 25 қаңтар күні Б.В.Атик облыс ұстаздарына « STEM оқытушысы ретінде табысқа жету үшін не қажет?» тақырыбында онлайн форматта шеберлік сынып өткізді. Бұл іс- шарада ұстаздар STEM мұғалімі оқушыларда қандай дағдыларды дамыту, STEM оқыту әдістері, 5Е оқыту циклін оқытуға қолданатын зерттеуге негізделген модулдің құрылымы жөнінде жұмыстарына қажетті құнды мәліметтер алып, ары қарай да бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлады.
Облыстық Абай оқуларының жүлдегері
27-01-2023 17:16
Облыстық Абай оқуларының жүлдегері
Шығармашылығымен шыңдалған шығармашыл оқушымыз Махсатхан Қымбат кезекті жеңісімен қуантты. Облыстық Абай оқуларында "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясында жүлдегер атанды. Осыған дейін, Қымбат - Ақберен, Мұқағали мен Мағжан оқуларында да жүлдегер атанған. Қымбат, жеңісін құтты болсын! Биік белестерді бағындыра бер!
Ертіс телеканалының “Жаңа күн” бағдарламасындағы сұхбат
26-01-2023 18:21
Ертіс телеканалының “Жаңа күн” бағдарламасындағы сұхбат
Гимназиямыздың “Самғау” командасы Ертіс телеканалының “Жаңа күн” бағдарламасына сұхбат беріп келді. Астана қаласында 2 рет өткен First чемпионатының бірінде 1 орын, екіншісінде номинацияға ие болған “Самғау” командасы сайыста қандай дағды-іскерлік, шығармашылық қабілеттері сыналғанын айтып ой бөлісті. Роботтар ойынын көрсетіп, сұхбат соңында Жанатқызы Медина күйден шашу шашып, Ертіс каналының көрермендерін қуантты.
Облыстық олимпиадада гимназия оқушыларының жеңісі
25-01-2023 18:12
Облыстық олимпиадада гимназия оқушыларының жеңісі
Облыстық олимпиадада гимназия оқушылары тамаша нәтиже көрсетті. Білімдодасына дайындаған пән мұғалімдері Акмарал Еркеновнаны, Салтанат Еркиновнаны, Мұтан Мұратбекті және жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз. Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.
«Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» семинар-тренинг
24-01-2023 19:11
«Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» семинар-тренинг
Жас мамандардың ұстаздық қаситеттерінің қалыптасуына бағыт беру мақсатында 23 қаңтар күні гимназияда Май ауданы мен гимназияның жас мамандарына арналған «Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» - атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар соңында бүгінгі бағдарлама негізінде жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, көптеген сұрақтарына мағыналы жауап алғандарын айтты.