Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
«First Kazakhstan-2023» робототехника бойынша өңірлік чемпионаты
23-01-2023 17:14
«First Kazakhstan-2023» робототехника бойынша өңірлік чемпионаты
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Robotics» қоғамдық қоры, сондай-ақ «Caravan of Knowledge» коммерциялық қоры 2023 жылғы 20-21 қаңтар аралығында Астана қаласында «NURORDA» мектебінің базасында «First Kazakhstan-2023» робототехника бойынша өңірлік чемпионатын өткізді. Гимназияның «Самғау» командасы «Against all odds award» номинациясына ие болды.
Қалалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
21-01-2023 18:10
Қалалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
20 қаңтар 7-8-сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 37 оқушы қатысты.
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары
19-01-2023 19:23
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары
Гимназияда «АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында Сыздыкова М.К. Wordwall.net сервисінің көмегімен интерактивті тапсырмаларды әзірлеу, Тулеубаева К.Б. Google Disk-тің көмегімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен, Абылгазина Э.Т. TurboSite қосымшасының көмегімен электрондық оқулықты әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.
“Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік”
17-01-2023 18:07
“Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік”
Кезекті педагогикалық кеңес “Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік” тақырыбына арналды. Жаһандық құзіреттіліктер қазіргі кезде кез-келген даму процесінің қозғаушы күші деуге болады. Г.А.Бакирбекова әсіресе болашақ ұрпақ бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығына терең тоқталып,күнделікті өмірде түрлі әдістер мен дағдылар арқылы қалыптастыру жолдары туралы ой қозғап, талқылады.
Гимназиямызда Түлектермен кездесу кеші өтті
14-01-2023 18:15
Гимназиямызда Түлектермен кездесу кеші өтті
имназиямызда Түлектермен кездесу кеші дәстүрлі түрле өткізіледі. 13 қаңтар күні 2021, 2022 оқу жылының түлектері білім ордаларына келіп, мұғалімдерімен, оқушылармен кездесіп, студенттік шақтың қызығымен, ЖОО оқу ерекшелігімен бөлісті. Сондай-ақ өздері оқып жатқан білім ордаларының мамандықтар әлемімен, қажетті дағды мен құзіреттіліктер туралы оқугыларға ақыл-кеңестерін берді. Кездесу түрлі форматта өтті. “Түнгі студияда”, “1000000 кімге бұйырады” танымдық шаралары кештің шырайын ашты.
Жыл соңында оқушылар марапатталды
29-12-2022 19:10
Жыл соңында оқушылар марапатталды
2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялады. Гимназиямызда жыл бойы балалардың дамуы мен шығармашылық, танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Жыл соңында гимназия директоры А.Дюсембаев, "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан балаларды дипломмен, сыйлықтармен марапаттап, барлық шараларды қорытындылады.
Астана қаласындағы сайыстан гимназия оқушылары жеңіспен оралды
24-12-2022 18:22
Астана қаласындағы сайыстан гимназия оқушылары жеңіспен оралды
USTEM Robotics ұйымдастыруымен 2022 жылы 24 желтоқсан күні Quantum STEM мектебінде өткен First LEGO League Challengeнің аймақтық кезеңіне қатысқан гимназиямыздың "Самғау" командасы жүлделі І орынға ие болды. Қаңтар айында Алматы қаласында өтетін ұлттық чемпионатында да биік белестен көрінуге бұйырсын. Самғау командасын және жетекшісін Атик Бибигуль Васильевнаны құттықтаймыз!
Қалалық волейбол сайысының жүлдегерлері
24-12-2022 18:05
Қалалық волейбол сайысының жүлдегерлері
Қалалық волейбол сайысында гимназияның қыздар командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Жетекшісі Зупар Жанибек пен команда мүшелері қыздарды құттықтаймыз.
Мектепте шахматтан жарыс өтті
23-12-2022 19:13
Мектепте шахматтан жарыс өтті
Балалар жылының аясында мектепте шахматтан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. 3-4 сынып ұлдар: 1 орын Нұрланбек Мәди 4a сынып, 2 орын Упеков Ибрагим 3 сынып. 3 орын Сайрамбек Ансар 4ә сынып. 3-4 сынып қыздар: 1 орын Ермек Аруана 4ә сынып, 2 орын Жеңіс Шахназ 3 сынып, 3 орын Салих Аружан 4а сынып.
Ұлы ғалымның есімі берілді
20-12-2022 16:13
Ұлы ғалымның есімі берілді
Тәуелсіздік күні қарсаныңда гимназиямызға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімінің берілуіне орай 12-15 желтоқсан аясында «Ғасыр данасы» тақырыбында апталық өтті. Апталықты қорытындылау барысында Қаныш ағамызға арналған «Даланың дана ұлы» атты конференция өтті. Конференция қонақтары: Ақсу қ. әкімінің орынбасары Н. Байбакиров, облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Б.Т. Аушахманова және т.б. қонақтар.
Үлгілі "Айгөлек" би ансамблінің жеңісі
19-12-2022 14:50
Үлгілі
Астанада қаласында өткен республикалық «Думанды елім» байқауында "Халықтық би" номинациясы бойынша Бас жүлде. "Эстрадалық би" номинациясында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, 8 наурызда өтетін телевизиялық салтанатты шараға шақыру алды. Қос бірдей жеңісті сыйлаған жетекші Зембаева Динара Нигматуллақызына және тәрбиеленушілеріне алғыс білдіреміз. Құтты болсын!
"Ақсу толқыны" аймақтық фестиваль-конкурсының жеңімпазы
18-12-2022 17:01
Тәуелсіздік күні қарсаңында 7 сынып оқушысы Жукенова Жания Балалар шығармашылығының "Ақсу толқыны" аймақтық фестиваль-конкурсының Аспаптық жанр номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!