Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегері
30-11-2023 19:32
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегері
2023 жылғы 28 қараша күні Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша гимназияның 9-сынып оқушысы Сабиганова Аружан ІI орынға және 11-сынып оқушысы Амангелді Нұрәділ ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері Мадина Канапьяновна және Салтанат Еркиновна. Құттықтаймыз!
Облыстық ғылыми жобалар конкурсындағы жеңіс
30-11-2023 19:08
Облыстық ғылыми жобалар конкурсындағы жеңіс
2023 жылғы 28 қарашада Ә.Марғулан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Гимназия командасы 18 жобамен 26 оқушы қатысты.
«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі
30-11-2023 18:13
«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі
Облыстық «Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі аясында өткен “RekGo” медиажобалар байқауында 8-сынып оқушысы Айткенова Алуа ІІ-орын, ал 9-сынып оқушысы Еркенбекқызы Фатима сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
“Әдебиетке балалықты әкелген” атты қалалық квест ойыны
29-11-2023 19:09
“Әдебиетке балалықты әкелген” атты қалалық квест ойыны
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Ақсу қаласының Абай атындағы мектеп ұйымдастырған “Әдебиетке балалықты әкелген” атты квест ойынына гимназияның 6 сынып оқушылары қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Құқықтық сауаттылығымызды арттырайық" атты ізгілік сабағы
27-11-2023 17:25
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” науқанына орай "Құқықтық сауаттылығымызды арттырайық" атты ізгілік сабағы 6"Ә"сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз құқықтарын білуге және сақтауға баулу. Сабақ барысында балалар лайықты өмір сүруге, медициналық көмекке, дұрыс тамақтану, тегін білім алу құқығына, ойнау, демалу, мәдениет, ақпарат алу, зорлық-зомбылықтан қорғалу құқықтары туралы ақпарат алды
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында тренинг өткізілді
24-11-2023 21:58
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында 5-8 сынып оқушыларымен тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтердің мақсаты зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу, стресске төзімділікті арттыру. Балалармен көңіл-күйді көтеруге арналған "Көңілді сәлемдесу" жаттығуы, ұжымның ынтымағын, ауызбіршілікті арттыруға арналған "Пирамида" жаттығуы жасалып, сонымен қатар балаларға әртүрлі жағдаяттар айтылып, әртүрлі шешу жолдары ұсынылды.
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында дебат ойыны өтті
21-11-2023 18:50
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында 16 қараша күні кіші дебат топтары арасында "БП буллингпен күрес және оның алдын алудың ең тиімді жолын ұсынады" атты қарар бойынша дебат ойыны болды. Пікірсайыс БПФ (Британдық парламенттік форматта) өтті. Пікірсайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Жеңімпаздар дипломдармен,тәтті сыйлықтармен марапатталды.
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы
21-11-2023 18:02
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы
15 қараша күні Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5ә сыныбында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар «Отбасында баланы жазаламай қалай тәрбиелеу керек?», «Құқықтық тәрбиенің негізі отбасынан басталады» және «Жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алу үшін ата-аналардан кеңес» тақырыптарында топпен ақылдаса отырып, ойларын ортаға салды.
Шет тілдер апталығының жабылуы
21-11-2023 17:35
Шет тілдер апталығының жабылуы
Шет тілдер апталығының жабылуына орай үш тілде шығармашылық кеш ұйымдастырылып, апта бойы өткізілген шаралардың жеңімпаздары марапатталды.
Ұлттық валюта күні
20-11-2023 17:18
Ұлттық валюта күні
Ұлттық валюта күніне арналған тәрбие сағаттары өтті
ата-аналарға арналған “Әрбір бала - жұлдыз” атты семинар
20-11-2023 17:10
ата-аналарға арналған “Әрбір бала - жұлдыз” атты семинар
“Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ” науқаны аясында 5-7 сынып ата-аналарымен “Әрбір бала - жұлдыз” атты семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында ата-аналармен өткізілген “Ақ қарға”, “Көңілді сәлемдесейік” тренингтері төзімділікті арттыру, ортақ шешім қабылдай алу, ойларын жинақтауға бағытталды. Директордың орынбасары Г.Бакирбекова “Жыныстық тәрбие беру-зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтар мен құқықбұзушылық, жыныстық қолсұғушылықтың себеп
“4 тоқсан, 4 өнер” жобасы аясында ұлттық ойыны өткізілді
17-11-2023 15:54
“4 тоқсан, 4 өнер” жобасы аясында ұлттық ойыны өткізілді
17 қараша Республиканың барлық мектептерінде “4 тоқсан, 4 өнер” жобасы аясында бір мезгілде “Бес табан”, “Бес асық” ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Гимназия оқушылары да республикалық челленджге белсене қатысып, асқан ептілік пен мергендік танытты. Озып шыққан оқушылар, ұлдар арасынан 6”а” сынып 1 орын Төлеутай Ерғанат, 2 орын Жаңалхан Айсұлтан, 3 орын Ахметсапар Мансур. Қыздар арасында Шабанбаева Дания, 2 орын Сакиева Аяулым, 3 орын Аскерқызы Нұрниса.