Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
ХХІІ халықаралық "Новогодний переполох" конкурс-фестивалінің жеңімпазы
18-12-2022 16:24
ХХІІ халықаралық
ХХІІ халықаралық "Новогодний переполох" конкурс-фестивалінде 200 қатысушының арасынан Бас жүлдені гимназиямыздың 6ә сынып оқушысы Марк Нұртас жеңіп алды. Жетекшісі мен Нұртасты жеңісімен құттықтаймыз. Алар асуың, шығар биігің асқаралы болсын!
Облыстық үстел теннисі сайысының жүлдегері
18-12-2022 16:09
Облыстық үстел теннисі сайысының жүлдегері
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен облыстық үстел теннисі сайысында 4а сынып оқушысы Жалешева Аяна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
17-12-2022 19:12
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген туристік көпсайыстан Павлодар облысының ашық чемпионатында гимназияның "Экстрим" командас 1, 2, 3-орындарға ие болды. Айсулу Бөкенбаевна мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Жарайсыздар!
Кіші Сәтбаев олимпиадасының қорытындысы
17-12-2022 18:35
Кіші Сәтбаев олимпиадасының қорытындысы
«Ғасыр данасы» апталығы аясында 5-6-сынып оқушылары арасында Кіші Сәтбаев олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 118 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлдегер атанды. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, жаратылыстану, математика пәндерінен өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.
Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол
17-12-2022 18:27
 Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол
Тәуелсіздік күні және Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол, теннис, нысанаға оқ атудан сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1 орын 5”А” сынып командасында; 2 орын 6”Ә” сыныбы командасында; 3 орын 3 сынып командасында.
"Әлем тізгіні білімділер қолында" атты іс-шара
16-12-2022 20:35
Қ. Сәтбаевқа арналған "Ғасыр данасы" апталығы жоспары бойынша 10 сынып оқушыларымен "Әлем тізгіні білімділер қолында" атты Tarsia әдісімен танымдық ойыны өткізілді. Қағаз қиындыларындағы академиктің өмірбаяны, еңбектері туралы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып фигура құрастыру қажет. Оқушылар Академиктің еңбегі мен өмірбаянынан қызықты ақпараттар тауып, білімдерін толықтырды.
"Ғасыр данасы" атты Қ.Сәтбаев апталығының ашылуы
16-12-2022 20:14
12-15 желтоқсан "Ғасыр данасы" атты Қ.Сәтбаев апталығы бастау алды. Бастауыш сынып оқушыларына гимназиямыздағы Сәтбаев бұрышы таныстырылып, танымдық шаралар өтті.
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату туралы
15-12-2022 19:19
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату туралы
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату, сол әрекеті үшін жауапкершілікке тартылу туралы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жедел уәкілі Э.Б.Сарсенбаева оқушылармен дәріс барысында түсіндіріп өтті. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген. Қылмыс үшін 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 15,9 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар.
"Желтоқсан батырлары" атты танымдық шара
15-12-2022 18:53
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай гимназия кітапханасында "Желтоқсан батырлары" атты танымдық шара өтіп, деректі фильмдер көрсетілді.
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларындағы жеңіс
13-12-2022 19:10
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларындағы жеңіс
2022 жылғы 12 желтоқсанда 7-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында Махсатхан Қымбат 2 орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна.
Университет олимпиадасындағы жеңіс
07-12-2022 20:39
Университет олимпиадасындағы жеңіс
Торайғыров университеті ұйымдастырған олимпиадада 11-сынып оқушысы, Алтын белгіге үміткер Баисова Әдемау биология пәнінен 1-орынды иеленіп, Ректор грантын жеңіп алды. Мұғалімі Оразова Гүлден Нурмахамбетовна мен Әдемауды шын жүректен құттықтаймыз! Сейтбаттал Данель орыс тілі пәнінен 2-орынды иеленіп, 50% жеңілдік беретін сертификатқа ие болды. Кульжайнат Бекежановна мен Данельді құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз.
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
06-12-2022 21:05
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
2022 жылғы 30 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық зерттеу жобалар конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер атанды. Олар: Жалешева Айым, Нургалиева Медина, Амангелді Нұрәділ, Айткенов Адиль, Ақылжан Ерәлі, Лашимова Аяулым, Бериков Даниял, Советова Меруерт, Сайыпова Асем, Амангельды Ералхан, Кайыргалым Жансұлу, Мубаракова Данэля, Хасенов Аспандияр және Алимова Томирис.