Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
"ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТҰҒЫРЫ" облыстық бейнероликтер байқауының жүлдегерлері
23-04-2021 13:48
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған "ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТҰҒЫРЫ" облыстық бейнероликтер онлайн байқауында гимназиямыздың 8-сынып оқушылары Қуандық Аружан "ҒАСЫРЛАР АРҚЫЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ" номинациясында 2-орынға және "ҚАЗАҚСТАН - ДОСТЫҚ БЕСІГІ" номинациясында Шайфуллина Анель 3-орынға иеленді. Жетекшісі Кушова Ақмөлдір Сағынбайқызы.
Туристік тау техникасы бойынша ашық чемпионаттың жүлдегерлері
21-04-2021 16:13
Туристік тау техникасы бойынша ашық чемпионаттың жүлдегерлері
Сәуір айының 17-18 күндері Павлодар қаласында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай туристік тау техникасы бойынша ашық чемпионат өтті. Гимназиямыздың "Экстрим" командасының мүшелері 10-сынып оқушылары Жомартұлы Айдын, Айгожина Адина, Заруза Нурай класс "Б" тобында 15-17 жас аралығында жүлделі ІІ орынға ие болды. Команда жаттықтырушысы Мухитова Айсулу Бокенбаевна.
Гуманитарлық пәндер апталығы
20-04-2021 15:20
Гуманитарлық пәндер апталығы
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында "Әдеби ребус" белгілі ақын-жазушылардың өмірбаяны, шығармалары туралы сайыс өткізілді. Әңгіменің стиліне және мазмұнына сәйкес ойыншылар қай жазушының шығармалары екенін, авторын анықтап, ребус құрастырды. Сайысқа 6 сынып оқушылары қызығушылықпен қатысты.
7-8-сынып оқушылары арасында «Кіші Сәтбаев олимпиадасы»
10-04-2021 14:55
7-8-сынып оқушылары арасында «Кіші Сәтбаев олимпиадасы»
9 сәуір күні Май ауданымен бірлескен 7-8-сынып оқушылары арасында «Кіші Сәтбаев олимпиадасы» өткізілді. Олимпиадаға жаратылыстану және математикалық бағыттары бойынша 114 оқушы қатысты. Олимпиада гимназия оқушылары үшін оффлайн, Май ауданының қатысушылары үшін онлайн түрде ұйымдастырылды.
"Экологиялық тәрбие - ел болашаның кепілі" атты TEDx конференциясы
09-04-2021 16:39
8 сәуір күні "Экологиялық тәрбие - ел болашаның кепілі" атты TEDx конференциясы ұйымдастырылды. Конференция спикерлері біз өмір сүретін ортадағы экологияның өзекті мәселелеріне, әсіресе қоқыстарды бөлек жинау, экодағдыларды қалыптастыру бойынша тың пікірлерімен бөлісті.
2-4 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік «Жас өркен» олимпиадасы
08-04-2021 15:36
2-4 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік «Жас өркен»  олимпиадасы
7 сәуірде 2-4 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Жас өркен» олимпиадасы өткізілді. Олимпиада тапсырмалары функционалды сауаттылыққа негізделіп, К.И.Сәтпаевтың еңбектері бойынша құрастырылды.
«Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына бейімдеу» тақырыбында семинар
07-04-2021 15:08
«Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына бейімдеу» тақырыбында семинар
6 күні Сәтбаев апталығының аясында өзара әрекеттестік және қолдау жоспары негізінде Май ауданының гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерімен «Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына бейімдеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында жоғары оқу орындарының ғалымдары ФҒК Амренов А.Д., ФҒК Ашимбетова Р.Д. және жаратылыстану жоғары мектебінің аға ұстазы Омаров М.Г ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар туралы айтты
"Балалар кітабы" апталығы
06-04-2021 20:05
"Балалар кітабы" апталығына аясында "Ұтқыр да, тапқыр" сайысы өткізілді. Сайысқа 3 сыныптардан құралған "Ұтқырлар" және "Тапқырлар" тобы қатысты. Сайыскерлер "Сөз тапқанға", "Қызықты ұйқастыр", "Кім жылдам", "Бәйге", "Кітапқа жарнама" атты кезеңдерде оқыған кітаптары туралы сұрақтарға жауап беру, қызықты ұйқастар құрастыру, кітапты жарнамалаудан сүрінбей өтті. Әр оқушының білімі мен тапқырлығы арқасында топтaр жақсы нәтиже көрсете білді.
STEAM жаттықтырушыларын оқытуға арналған бағдарламаланың иегері
06-04-2021 19:15
STEAM жаттықтырушыларын оқытуға арналған бағдарламаланың иегері
«Caravan of Knowledge» жобасы аясында гимназиямыздың физика және информатика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевна халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеудің барлық 3 кезеңінен сәтті өтті, сонымен қатар жыл бойы (2021 жылдың сәуір мен желтоқсан айы аралығында) Тайланд, АҚШ және Ұлыбритания жоба серіктестерінің бағдарламалары бойынша мамандандырылған оқытудан өтеді.
«Ғасыр данасы» апталық жоспары
05-04-2021 18:19
«Ғасыр данасы» апталық жоспары
Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толуына байланысты өткізілетін «Ғасыр данасы» апталық жоспары.
"Заңды білу - еркін жүру" танымдық шара
04-04-2021 15:18
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру - бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру қағидасының бірі. Осы мақсатта 2-сәуір күні 9 сынып оқушыларымен ҚР заңдарын түсіндіру және өз құқықтарын қорғау мен міндеттерін айқындауда "Заңды білу - еркін жүру" танымдық шарасы өткізілді.
«Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауының жүлдегері
03-04-2021 13:10
«Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауының жүлдегері
30.03-31.03 күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының бастамасымен «Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназиямыздың география пәнінің мұғалімі Альдекенова Аанр Толыбаевна ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!