Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Дүние тарихы пәнінен тестілеу жинағы.
24-05-2013 13:39

Тест

Дүние тарихы

І нұсқа

Англия және Ағартушылық дәуірі

1.ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Англияда шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен, діни жоралар мен құпиялықтардан  тазартуды жақтаушылар қалай аталды?

А. Джентрилер        В. Пуритандар     С. Индепенденттер     D. Пресвитерлер

2.  ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Англиядағы дін әлеміндегі толық бостандықты, еркіндіктің болуын жақтаушылар

А. Джентрилер        В. Пуритандар     С. Индепенденттер     D. Пресвитерлер

3. 1639 жылы Англияның Шотландиямен соғыс басталуына байланысты І Карл 1640 жылы сәуірдің он үшінен мамырдың бесіне дейін жұмыс істеген парламентті шақырды. Бұл парламенттің тарихтағы атауы

А. Қысқа парламент                                 В. Соңғы парламент     

С. Кавалерлер парламенті                       D. Корольдік парламаент

4. Англия республика болып жарияланылды

А. 1649 ж. 30 қаңтар                           В. 1652 ж. 45 сәуір   

С. 1659 ж. 15 қараша                          D. 1663 ж. 5 мамыр

5. 1649 жылы көктемде Англияда диггерлер қозғалысы басталды. Диггерлердің талаптары

А. Шіркеу қазметін тоқтату, епископтарды тарату                      

В. І Карлды қайта таққа отырғызу, парламент қызметін қалпына келтіру

С. Англия азаматтарының сайлау құқын қалпына келтіру

D. Теңдік орнату, қанауды жою, жерді қоғамдастыру

6. 1649 ж. О. Кромвель Ирландияны басып алды, басып алудың нәтижесі

А. Жаңа жерлер иемделініп, революциялық армия жалдамалы қырып-жоюшы армияға айналды

В. Ирландия Англияның тәуелсіздігін мойындап, салық төлеуге мәжбүр болды

С. Жаңа конституция жарияланып, реформалар жүргізіле бастады

D. Жаңа одақтастар пайда болып, жаулап алушылық әрекетті жалғастыруға мүмкіншілік туындады

7. Англияда король билігі қалпына келтірілді

А.  1655 ж.                       В. 1660 ж.                 С. 1675 ж.               D. 1681 ж.

8. 1660-1685 ж.ж. Англия королі

А. І Карл              В. І Вильгельм         С.ІІ Карл Стюарт         D. ІІ Яков

9.  Ағылшын революциясының тарихи маңызы

А. Халықтың  билігі орнап, парламент екіге бөлінді

В. Абсолютизмді жойды, тектілік артықшылықтарға тойтарыс берілді

С. Монархия, мемлекеттік шіркеу, сословиелік, дворяндық жер иеленушілік жойылды

D. Шаруалардың помещиктерге феодалдық кіріптарлығы жойылды

10. ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ соңына дейінгі кезеңнің тарихи аталуы

А. Ағартушылық дәуірі                          В. Феодализмді кезең     

С. Орта ғасыр                                            D. Революциялық өрлеу дәуірі

11. ХVІІІ ғ. кейбір герман княздіктерінде міндетті түрде бастауыш білім беру енгізілсе де, бірқатар адамдар қарапайым адамдардың білім алуына қарсы болды, соның бірі

А. Англия королі ІІ Карл                                         В. Пруссия королі ІІ Фридрих     

С. Франция королі  ХVІ Людовик                          D. Ресей патшасы ІІ Александр

12. Католиктік дінбасыларын қатал сынға алып, шіркеулік әдет-ғұрыптар қарапайым халықты қараңғылықта, надандықта ұстау үшін ойлап табылған әдіс деп айтқан ағартушылық ғасырының аса көрнекті қайраткері

 А. И.Г. Гердер                                     В. Иммануил Кант        

С.Исаак Ньютон                                  D. Франсуа Мари Аруэ

13. «Сенің қолыңнан бәрі келе бермейді, сенің санаң шектеулі, дүниеде сен түсініп біле бермейтін заттар көп» деп ескерткен неміс философы

А. И.Г. Гердер                                  В. Иммануил Кант        

С.Исаак Ньютон                              D. Франсуа Мари Аруэ

14. Адамзат баласы Құдайдың құдіретін танып-білуге жақындай түсуге ұмтылуы керек деп есептеген ағартушылық дәуірінің ірі ғұламаларының бірі

А. И.Г. Гердер                             В. Иммануил Кант        

С.Исаак Ньютон                         D. Франсуа Мари Аруэ

15. Дүниені ешкім жаратқан жоқ, ол мәңгілік және шексіз деп санаған адамдарды қалай атаймыз?

А. Атеистер                 В. Реалистер           С. Гуманистер            D. Реформистер

16. Қоғамның  прогресін шаруашылықтың, ғылым мен техниканың дамуымен байланыстырған француз ағартушысы

А. Жак Тюрго                                 В. Иммануил Кант       

С.Исаак Ньютон                            D. Франсуа Мари Аруэ

17. Адамның өзін-өзі шектеусіз жетілдіре алатынына сенген философ

 А. Жак Тюрго                                   В. Иммануил Кант       

 С.Антуан Кондорсе                        D. Франсуа Мари Аруэ

18. «Халық байлығы» еңбегінің авторы

А. Жак Тюрго          В. Иммануил Кант         С.Антуан Кондорсе    D. Адам Смит

19. Құқықтық мемлекетке тән белгілер

А. Әрбір адам өмір сүруге, жеке бас бостандығына құқықты

В. Адам құқығы заңмен қорғалады және кепілдікке ие       

С. Құқықты мемлекетте заң бәрінен жоғары тұрады және ол жалпыға бірдей міндетті

D. Барлық жауабы дұрыс

20. Адамдар арасындағы мемлекеттің араласуынсыз және оның шеңберінен тыс тұрған қарым-қатынастардың жиынтығы дегеніміз

А. Азаматтық қоғам                              В. Құқықты мемлекет        

С. Дербес қоғам                                      D. Тәуелсіз мемлекет

ІІ нұсқа

Солтүстік Америка және Франция

1.1607 жылы мамырда Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені Виргинияны корольдік деп жариялап, онда өзінің губернаторлығын жариялаған ағылшын королі

А. ІІ Вильгельм          В. І Карл            С. ІІ Карл Стюарт          D. ІІ Яков

2. Феодализм Солтүстік Америкада берік тамыр жая алған жоқ, оның себебі

А. Феодалдардың жерге толық құқы болмады     

 В. Аумақтың экономикалық дамуы төмен болды

С. Феодалдар жерін жалға беріп отырды                

D. Жер толығымен шаруалардың иелігінде болды

3. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін жүргізген соғыс уақыты

А. 1775 – 1783 ж.ж.   В. 1785-1798 ж.ж.   С. 1786-1789 ж.ж.    D. 1773-1789 ж.ж.

4. АҚШ-тың тұңғыш президенті

А. О.Кромвель     В. Т. Джефферсон     С. Дж. Вашингтон      D. Г. Гердер

5. 1776 жылы қабылданған «Тәуелсіздік декларациясының» құрастырушысы

А. О.Кромвель     В. Т. Джефферсон     С. Дж. Вашингтон      D. Г. Гердер

6. «Тәуелсіздік декларациясы» бойынша отарлар толық құқықты болды

А. Соғыс жариялауға, бітім жасауға                              

В. Одаққа енуге, сауда жасауға

С. Кез келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға  

D. Барлық жауабы дұрыс

7. Тәуелсіздік идеясын америкалықтар толықтай қолдамады, экономикалық, саяси және басқа да себептер бойынша лендлордтар, король шенеуліктері, саудагерлердің басым бөлігі Англиядан бөлінуді қаламады, оларды тарихта қалай атаймыз?

А. Лоялистер         В. Скватерлер       С.Диггерлер         D. Левеллерлер

8. АҚШ пен Англия арасындағы қорытынды келісімшартқа 1783 жылы 3-қыркүйекте қол қойылды, келісімшарттың басты нәтижесі

А. Канада АҚШ иелігіне ауысты                             В. АҚШ пен Ресей одақ құрды

С. АҚШ тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды      D. Барлық жауабы дұрыс

9. Дж. Вашингтон, Б. Франклин,  А. Гамильтон және Дж. Мэдисон жобасын дайындаған федералдық конституция қабылданған уақыт

А. 1786 ж.                   В. 1787 ж.                С.1789 ж.              D. 1791 ж.

10. Дж. Вашингтон, Б. Франклин,  А. Гамильтон және Дж. Мэдисон жобасын дайындаған Конституция бойынша атқарушы билік кімнің қолында болды?

 А. Король         В. Төреші            С. Конгресс         D. Президент

11. 1791 жылы Конгресс сөз, баспасөз, жиналыс және петиция құқығына, жеке басқа, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, қылмыстық істер бойынша азаматтық қорғау соттарын енгізу туралы конституцияға 10 түрлі өзгерістер енгізді, АҚШ тарихында бұл өзгерістер қалай аталды?

  А. Адам құқығы туралы билль            В. Адам құқығы Декларациясы

 С. мемлеңкет және құқық негіздері     D. АҚШ Конституциясы

12. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызы

А.Ағылшын отаршылдарының феодалдық тәртіптерді енгізу әрекеттері тоқтатылды

В. Дворяндық титулдар мен майораттар таратылды, ірі латифундиялар тәркіленді

С. 1787 ж. конституция қабылданып, АҚШ деп аталатын дербес мемлекет дүниеге келді

D. Барлық жауабы дұрыс

13. Француз буржуазиялық революциясының басталу уақыты

  А.1785 ж. 12 маусым                     В. 1789 ж. 13 шілде   

   С. 1791 ж. 15 мамыр                     D. 1793 ж. 25 шілде

14. 1789 жылғы Француз буржуазиялық революциясының басты жетістігі

А.Абсолюттік билікті құлату                    В. Король билігін қайта қалпына келтіру

С. Мемлекеттік биліктің көтерілісшілер қолына өтуі     D. Барлық жауабы дұрыс

15. 1792 ж. 20 сәуір күні Франция соғыс жариялаған мемлекет

  А. Англия                   В. АҚШ                  С. Германия       D. Австрия

16.  Франция Республика болып жарияланды

  А. 1792 ж. 22 қыркүйек                  В. 1795 ж. 15 қараша     

  С. 1797 ж. 26 қазан                          D. 1783 ж. 3 шілде

17.  Француз буржуазиялық революциясының басты жетістігі

А. Буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату

В. Буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында конституциялық монархияны қайта қалпына келтіру С. Буржуазия мен халықтың  билігінің жойылуы

D. Буржуазияның тап ретінде жойылуы

18. Францияда 1793 жылы көктемде революция жаңа дағдарыс кезеңіне аяқ басты. Оған себеп

А. Ауыл шаруаларының буржуазияның ауылға қатысты әділетсіз саясатына наразылық білдіруі         

В. Буржуазияның абсолюттік саясаттың жойылуына наразылық білдіруі

С. Якобиншілдердің ауыл шаруаларына қысым көрсетуі

D. Халықтың Конституциялық монархия үстемдігіне қарсы шығуы

19.  1793 жылғы Франциядағы жаңа конституция бойынша жер кімнің меншігі болып саналды?

А. Буржуазияның                               В. Қауым шаруаларының  

 С. Якобиншілдердің                          D. Жирондықтардың

20. Францияда тұңғыш рет жалпыға бірдей тегін бастауыш білім беру туралы заң қабылданды

А.  1791 ж. 15 қараша                       В. 1792 ж. 26 қазан       

С.1793 ж. 19 желтоқсан                    D. 1795 ж. 10 сәуір