Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Әдістемелік кеңес «Жаңаша оқыту – заман талабы»
27-05-2013 14:16

5.01.2013

Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне және оқушылардың білімдерін

арттыруда 7 модульдің қалай көрініс табатынын айқындап, түсіндіру.

Қатысушылар саны: 52

Өткізілу тәртібі:

1.     Алғы сөз

Аккентаева К.М.- директордың ғылым жөніндегі орынбасары.

2.     Кембриджік оқытудың басым бағыттары мен мақсат-міндеттерін ашу.

3.     Тізбектелген сабақтар топтамасында 7 модульдің қалай көрініс табатынын айқындап, түсіндіру.

4.     Әріптестермен оқытуда меңгерілген тәжірибені алмасу, ой бөлісу, талқылау.

Жакупова С.С., Ғазиз Е – қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, 3-ші деңгейдегі дайындық курсынан өткен ұстаздар.

«Жаңаша оқыту –заман талабы»

(Кембриджік оқыту немесе 7 модульдің сабақтағы көрінісі)

        1.Кембридждік оқытудың басым бағыттары мен мақсат-міндеттері

1.Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін туралы ақпарат берілді.

2.Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім туралы сөз қозғалды;

2.Тізбектелген сабақтар топтамасында 7 модульдің қалай көрініс

табатынын айқындап, түсіндіру

Курстық оқытуда іс-тәжирбеге енгізген жеті модуль жалпы оқушылардың сабақ тақырыбын тереңдей меңгеруіне тікелей бағытталды. Осы жүйелі оқыту арқылы тұлғаның білімі мен дағдыларын бір арнаға тоғыстыруға болады.Ал мұғалімнің күнделікті тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді енгізуі сабақ тақырыбын «дәстүрлі оқыту стилінен» тыс жаңаша оқытуына бағытталады. Осысыменде, біз оқып жатқан курс, «Кембриджтік оқыту» құндылығын арттыра түсті.

Оқушыға білім берудің негізгі көзі-«жеті модульге жеті қадам жасадым» деген ұстаныммен шектелмеуі тиіс. Сабақты оқытуда барлық модульдер мен «Блу таксономиясы да» сабақтаса қолданылып, олардың ішінде негізінен бір модуль ерекше көрініс табуы тиіс. Бұны біз өзіміз тізбектеген сабақтар топтамасының жоспарын құруда анықтадық. Сонымен қоса, өзіміз жоспарлаған сабақты тәжирбе барысында іске асыруда көрдік. Атап өтсем, мен өткізген арнайы тізбектелген сабақтар топамасында қолданылған, менің пікірімше, тиімді саналғаны – «СТО» модулі. Осы модульді тізбектелген сабақтар топтамасында қалай қолданылған айтпас бұрын, «дәстүрлі оқыту» стилінде қолданылған сабақ барысына салыстырмалы талдау  жүргізе кетейін. «Дәстүрлі оқытуда» мұғалім сабақ барысын, тақырып мазмұны өзі түсіндіріп, нақтылау үшін оқушыларға «Ереже дәптерлеріне» түртіп алуды бұйыратын. Кейін қалыпты жүйеленген тақырыптық немесе қазақ тіліндегі түрлі лингвистикалық талдаулар арқылы талдатып, берілгін қырық бес минутты әдеттегідей өткізетін. Бұл арқылы мен оқушыға толық білімді, яғни теорияны меңгерттім деп шешіп, әрі қарай келесі тақырыптарды түсіндіруге жол салып жүре беретін. Яғни, теория меңгерілмегенімен тәжирбе қалып қоятын. Ал жеті модульді бірімен-бірін сабақтастыра оқытатын сабақ барысы тек теорияны меңгертіп қана қоймай, оны тәжирбеде тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

Мен сабақ жоспарына енгізген (жоғарыда аталып өткен сабақта) жеті модулдің ішінде басымырағы «СТО» модулі болды.

Оқу курсынан түйген білімім бойынша білімділік мақсаты сабақтың өн бойыннан көрініс табатындай етіп құрастыру керек. Осы мақсатты негізгі алған менің сабағымдағы СТО модулі мынадай сатылардан көрініс тапты:

1.     Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық ахуалдарын алдын ала даярлауда;

2.     Жаңа сабақ тақырыбын ашуда, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру кезінде;

3.     Сабақ тақырыбын толықт игертуді мақсат ететін талдау жұмыстары кезінде;

4.     Шығармашылық тапсырманы беріп және оны оқушыларға орындатуда;

5.     Сабақ барысын бекіту кезеңінде;

6.      Оқушылардың бірін-бірі жұптық және топтық бағалау кезеңінде де айқын көрініс тапты

3. Әріптестермен оқытуда меңгерілген тәжирбені алмасу, ой бөлісу, талқылау

Семинар-тренинг сабақ әріптестермен амандасудан басталды.

1.Амандасу – Семинар-тренинг мұғалімдердің дене мүшелерімен амандасудан басталды;

2. Модуль бойынша презинтция қорғау: Ғазиз Е.Ғ. қыркүйек айынан бастап, қараша айының аяғына дейін Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жанын өткізілген 3 айлық курста қорғаған тізбектелген сабақ жоспары бойынша өткізілген жұмысына толық тоқталдым. Жалпы бұл жұмысында бір сабақтың өн бойында қолданылған 7 модульдің қай тұста тиімді пайдаланылғанын және  оқушының жеке дамуына қандай үлес қосқандығын атап өттім.Мұғалімдер тарапынан қызуғышылықты тудырған модуль-СТО модулі болды.

3.Жиналған ұстаздарды сурет бойынша топқа бөлдік.Бұл олардың танымдық көзқарастарымен қатар визуальды көру айғақтарын дамытуды көздейді.Сонымен қатар ұстаздарды топқа бөлуге негіз болды.Топқа бөлінген ұстаздар топ ережелерін құрастырды.Топ ережесін құру оқушылармен сабақ барысында  жүргізілетін жұмысты жеңілдетеді.Сонымен қатар олардың тығыз қарыс-қытынас орнатуына көмек болады.

4.Мұғалімдерге арнайы ұйымдастырылған семинар тернигтің тақырыбына шығуда  Б.Соқпақбаевтың сценариі негізінде жазылған режиссер  А.Қарсақбаевтың  «Менің атым-Қожа»фильмінен үзінді көрсетілуімен басталды.

5.Тақырыпқа шыққанан кейін мұғалімдерге арнайы дайындалған  сұрақтар қойылды:

1)Фильмдегі мұғалім туралы ойыңыз,ол қандай адам?

2)Кинодағы мұғалімге баға беріңіз

3)Қазіргі мұғалім қандай болу керек?

(Фоновый музыка (жұппен,топпен талқылау жүмысы);

Тапсырма;Мұғалімдер топтық жұмыс арқылы өздері  түйген ойларын салыстырмалы сараптау арқылы постерге салды;Постерлерін арнайы тақтаға ілді.Өздері құрастырған флипчарттары арқылы өз ойларын қорғады.Топтың бір мүшесі  қорғаса ,келесі топ мүшелері сұрақ қойып,ой алмасты.

6.Серігу сәті;Жакупова С.С. «НИШ»әннің орындалуымен қатар мұғалімдердің  жаттығу жасауымен жалғасты.Аталған  бейнебаянда НЗМ оқушылары жасаған жаттығу көрсетілді;

7.Бағалау: «Сақина» ойыны арқылы жүргізілді. М, Сіз сабақ барысында оқушыларды қалай бағалайсыз? Қандай критерийлерді басшылыққа аласыз?

а) Осы тұста мұғалімдерге пілдің суретін салу тапсырмасы брілді. Тапсырма орындалып біткен соң, жұппен алмасу, оны бағалау жүргізілді. Мұғалімдер бір-біріне қойған бағалау барысын айтылып, талқыланды.

Ұстаздар өзара бірін-бірі бағаланнан кейін біз мұғалімдер тарапынан бағалаудың критерийін беріп, салыстырды;

Ә) Джекпот ойыны. Ойының мақсаты – мұғалімдердің  кім тез, қаншалықты уақытта берілген тапсырмаға сай мәлімет таба алатындығымен байланыстырылды.

8. «Көздің әнгімесі» атты бейнесюжетті әңгіме оқылды. Бұл мұғалімдердің өзара ой бөлісіп, ө зіндік пікірлерін ортаға салуын көздеді. Әңгіменің тәрбиелік мәні оқушы бойында анасына, жалпы адамзатқа жасауға тиісті адамгершілік қасиетін оятуды көздеді.

1) Топты қайта жасақтау жүргізілді.

Топты 1,2,3,4 әдісімен қайта бөлдік

Бұл бір орында отырған мұғалімдердің сергіп, әрі топта басқа адамдармен пікір алмасуына негіз болады.

2) Жоғарыда берілген «Көздің әңгімесі» бейнесжетті әңгімені рөлдерге бөліп талқылау ұсынылды. Бұл тапсырма мұғалімдердің «Мозайка» әдісі арқылы түйген ойларын жинақтайды.

Рөлдер: Басшы, хатшы, таймпекер, баяндамашы.

Бұл әдіске 3 топ қатысты. 4-ші топ мүшелері сарапшы топ болды. Олар формативті және сумативті бағалау жүргізілді.

Семинар-тренингті «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» ойыны арқылы қорытындыладық. Аталған әдіс оқушыларды бағалауда өте тиімді, әрі өзіндік ойларын жеткізуде зор үлес қоса алады.

3) «Құмыра» әңгімесі бойынша презинтация жасалды. Бұл- оқушыға ой салу мақсатында жасалады. Негізгі идеясы «кемшіліксіз адам болмайды» деген идеяны көздейді.

9. Қорытынды: Стикер тарату «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жасалды. Мұғалімдер семинар-тренингтен түйген ойларын ортаға салды. Өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

10. Мәдени күнделік жазғызып, өзімізде курстан өткен күндерден оқып бердік. Осы тұста өзіміз игерген білім мен қазіргі сабақ барысындағы жағдай анықталды.

11. Әріптестер пікірі.

12. Семинар-тренинг «Қоштасу» әдісі арқылы өткізілді. Яғни, мұғалімдер бір-бірімен құшақтасу және жылы лебіздерін білдіру арқылы аяқталды.

Мәдени күнделік(24.09.12)

«Шебер мұғалім» немесе «мұғалім шеберлігі...»

Ғазиз Еңлік Ғазизқызы

Бүгін үшінші аптаның алғашқы күні. Сабақты әдеттегідей мәдени күнделік оқудан бастадық. Мәдени күнделікті оқу, күндегіден басқаша өріс алды. Бұрынғыдай ұстазымыз тексеріп, сұрақ қоймады. Әріптестерімізді біз бағалап, күнделіктерінде кеткен қателіктері мен ұтымды тұстарын сараптадық. Ал күнделіктерін оқыған әріптестер өз-өздерін бағалады. Бұл сыни тұрғыдан «өз-өзіңді ретеудің» жақсы жағы.

Ал сабақтың жаңа тақырыбына кіріспер бұрын тренер бізді ақ, қара, қызыл, сары, жасыл түстер деген аталымдағы топтарға қайта жасақтады. Жетекшіміз Эдвард де Бононың «Алты ойлау шляпасы» тұжырымдамасының мәнін түсіндірген кезде бізге әр таңдалған түстің мән-мазмұнын ашып берді. Кейіннен берілген тапсырмада оқу курсында екі аптада нені білдік, нені игере алмадық, қандай оқыту әдістерін меңгердік, қандай тың идеялар мен озық тәжирбелермен алмастық, жалпы оқу курсында өз-өзімізге әр апта бойынша жеке-жеке баға қойдық. Әріптестерімнің кейбірі бірінші аптада өздеріне «жақсы»деген баға қойса, екінші аптаға «қанағаттанарлық» деген баға қойыпты. Кейбірінде керісінше, «қанағаттанарлық» деген бағадан «жақсы» деген бағамен бағаланған. Мен өзімді алғашқы топ мүшелеріндей бағаладым. Себебі, алғашқы аптада өзімнің білетін тақырыптарым төңірегінде жұмыс жасадық. Жетекші талап еткен «Мәдени күнделік» толтыру маған қиындық тудыоған жоқ. Рефлективті есепті жаза аламын және де оған енетін талап пен жазылу өлшемін, онда егізілетін фактілерді дәлелді пікірлермен ұштастыра аламын (Бұл менің қазіргі ойым, бәлкім кейін рефлективті есепті жаза аламауым да мүмкін). Тек алда өтетін тақырыптардың мазмұнын тереңінен меңгеріп, теория мен тәжирбені ұштастыруым қажет. Өткен аптада өткен «мәдениетаралық оқушы», «адами құндылық», эссе жазу, «құндылықтар, ұстанымдар және тәжирбедегі іс-әрекет», «сыныптың психологиялық ахуалы» сияқты тақырыптарды меңгере алдым. Сол себепті де өзіме алғашқы аптада «жақсы» деген баға қойдым.

Екінші аптада оқушыларды сыни тұрғыдан бағалауды дұрыс білсем де, оқудағы кедергілерді дұрыс анықтай алмайтындығымды білдім. Әлі де оқуда туындауы мүмкін кедергілерді нақтыанықтап, оның шешілу жолдарын дұрыс игеруді қолға алуым керек. Мен үшін осы аптада игеруде қиындық тудырған тақырыптардың бірі – «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту» мәселесі болды. Мен қызмет ететін мектепте оқушылар «дарынды оқушылар» деп іріктелгендіктен, бізде тіпті «орташа» оқитын балалармен де жұмыс істеу ерекше назарға алынбаған. Осы жерде «Эсклюзивті білім беру»деген ұғымның да мәнін қалыс қалдырмауымыз керек. Жеке тұлғаны біз мұғалімдер әр қырынан ашуда оқкшының дарындылығын, іскерлігі мен бейімін дамыту көзделуіміз керек. Бұл істі мен меңгере аламын, қызметім тікелей осы мәселеге қатысты. Ал мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жасауды қазір меңгеріп алсам, кейін алдағы тәжирбемде қажет болады деп шештім. Ал «Қалай оқытудың жолын үйрету»,  «Оқыпүйрену әдістері» деген тақырыптарда да білгенімнен білмейтінім көп екен. Сол себепті де өзіме «қанағаттанарлық» деген баға қойдым.

Осы апта соңында өткен «Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану» тақырыбын меңгеру және оны күнделікті сабақ барысында қолдануды мен дұрыс, жүйелі қолдана аламын деп ұйғардым. Себебі, бүгінгі заман талабы «Кім ақпаратты меңгерсе, сол заман кілтін өз қолында ұстай алады» деген ұстанымды көздейді. Осы орайда айта кететін жайт кейбір ұстаздарымыздың «ақпарат көзін» күнделікті баспасөз, газет-журналдардың тілі деп қателесетіні де бар екен. Біз ұстаздар игеретін ақпарат көзі педеагогикалық білім берумен байланысты. Білім беруде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды қолдану ұстаз үшін де, оқушы үшін де таңсық дүние емес. Осы өзімізді бағалауда біз-жалпы іс –әрекетімізді, қатысымымыз бен үлгерімімізді, танымдық ойымызды бағаладық.

Енді осы күнгі өткен тақырыбыма тоқталсақ. Бүгінгі тақырып: «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» деп аталды. Ол үшін жоғары да атап өткенімдей, өзіміз таңдаған түстеріміз бойынша топтық жұмыс орнаттық. Класстерге  «Оқыту үшін және оқытуды бағалаудың арасындағы айырмашылықты» ажаратып, екі бөлікке бөліп жаздық. Біздің топ бірінші қорғады. Сұрақтың мазмұны түбегейлі түсінбегендіктен, қорғау барысында катты қателестік. Қалған топтар өз деңгейінде дұрыс қорғады. Класстер қорғауынан соң жетекшіміз біздің жіберген қателіктеріміз бен ұтымды жақтарымызды саралап өтті. Өз сараптауында тренер «жиынтық бағалау» мен  «формативті бағалаудың» айырым белгілерін атап өтті. «Формативті бағалау» нені игере алды, нені игере алмады соны анықтайды. Яғни -, оқыту үшін бағалау болып табылады. Негізінде екі бағалауда оқыту барысында қолданылады. Бірақ басымырақ түсетіні «оқыту үшін бағалау». Оқыту үшін бағалауды барлық мұғалімдер сабақ барысында пайдаланады. Ал «Жиынтық бағалау» - оқытуды бағалау. «Жиынтық бағалау» қорытынды бағалау. Екеуі нің ұқсастықтары екеуінде де оқушылардың білімі бағаланады.

Бұдан кейінгі тапсырма «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» деп аталды. Бұл тапсырма сабақ тақырыбын ашатын кезде қолданылған класстермен тікелей байланысты болды. Яғни -, класстерге өзіміздің ұсынысымыз бен пікірлерімізді жаздық. Соңында тиімді ұсыныс пен пікірлердің тоғысын бесінші топ мүшелері алды. Барлық  әрекеттерді бағалап отырған жетекшіміз «Бұл класстерге дұрыс баға берілді ме?», кейін оны топ мүшелері «игерген сабақ тақырыбында қолдана ала?» деп шағын ой-түйін жасады.

Сонымен қатар бүгінгі өткен тақырыбымыздың негізімен «оқудың негізгі 4 қағидатына жетекшіміз тоқталып, түсіндірді. Тақырыптың мазмұнын өзіміздің пәніміз бойынша топқа бөлініп оқу арқылы жалғастырдық. Барлық топ мүшелеріне қойылған ортақ сұрақ  «Бағалау түрлері мен оның сабақта іске асырылуына» арналды. Біз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары өзіміздің тәжирбеміздегі бағалау түрлерін санамалап көрсеттік. Бұл топтасуда іс-тәжирбесінде туындаған проблемаларды да қалыс қалдырмай, талқылауға түсірдік. Бір аңғарғаным, Жайнагүл әріптесім қолданып жүрген М.Жанпейісованың «Модульдік оқытуындағы» бағалау түрін қолданысқа енгізген де дұрыс екен. Жайнагүл мұғалім өз тәжирбесінде бұл бағалау түрін қолданып жүргенін және де жақсы нәтиже шағатынын бар. Қазір оқушыларды толықтай «Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолдана отырып бағалап жүрмін. Ал «Сатылай кешенді талдау» технологиясын сабақта енгізбек түгілі тиімді оқыту технологиясы деп бағаламайтын ұстаздарда бар екен. Бұл әрине, әр ұстаз технологияның қайсысы тиімді соны пайдаланады деген сөз. Десек те, қазақ тілінде тиімді қолданылып жүрген «СКТ» технологиясын қалыс қалдыруға болмайды.

Сабақ соңында ойын түрінде өткізілген 5 факторды анықтауға негізделген тапсырма біздің сабаққа деген құлшынысымызды қыздыра түсті. Сонымен қатар қысқа бейнефильмнен көрген көріністерімізге сай алгоритм құру –«бағалау» ұғымының мазмұнын тереңінен ашты.

Сабақтың қорытынды сәтінде «Жиынтық бағалау» және бүгінгі күн туралы мен не білдім деген сауалдарға жауап берумен аяқталды. Мен бүгінгі сабақтан оқушыны дұрыс бағалаудың маңыздылығын түсіндім. Бағалауда үстірт болмау керектігін түйдім.

Осы орайда өзімді көптен бері толғандырып жүрген мәселесіне де айта кетсем. Оқу курсына келгелі екі апта өтті. Көп білмегенімді көрдім, білдім, сараптадым, талдадым, жалпы ой елегінен өткіздім. Мектепте, мұғалімдер арасында «шебер мұғалім» немесе «мұғалім шеберлігі» деген сөз бар. Мектеп атмосферасында қалыптасқан «мұғалім шеберлігі» деген ұғым-қай мұғалім шеберлік конкурстарына көп қатыссы, авторлық бағдарламалар жазса, сонда жүлделі орындарды алса, сол мұғалім теңдесі жоқ «мұғалім» мәртебесіне ие. Немесе жылында бір-екі, әрі кетсе, бірнеше ашық сабақты «жоғары» деңгейде өткізсе, сабағын 45 минутқа сыйдырса, сол мұғалім асқан алып иесі болады, оны мақтаймыз, мадақтаймыз. Менің айтпағым, «Педагогтардың шеберлігін арттыру» мақсатында ұйымдастырылып жатқан осы курсынан өткен ұстаздарды ғана «шебер мұғалім» деп айтауға болады. Оның басты себебі, курстан өткен әр мұғалім күнделікті өзінің күйбең тіршілігінің құлы емес, қоғамды рухтандыратын, жасөспірімдерде инициативаны, еркіндікті, білімқұмарлықты оятатын тірек болуында. Көпке топырақ шашпайын, дегенмен де орынды орынсыз сабақта білім беру технологиларын қолданып жүрген мұғалімдер бар. «Ақпарат» деген не екенін меңгермегеніде қаншама?Сол ұстаздарды осы шеберлік курстарынан өткізсе ғана  «білікті ұстаз» бола алады. Біз курста жекелген оқушылардың әрбіріне назар аударады, сынып ахуалын зерттеуді, оқушының «өзін-өзі реттеуін», оқу сапасын қайтсек арттырамыз, білімді қалай береміз, оқыту әдістерінде АКТ қалай пайдалатындығымызды әрбір ұсақ-түйегіне дейін санамалап тұрып игерте алу дәрежесіне жеттік, әлі де бағындырмаған асуларымызды бағындырамыз. Ендеше, осы курстың басты мақсаты-білім сапасын арттырудың кепілін тек қаражаттан ғана емес, мұғалімнің жан дүниесінен іздеу керектігін көздейді деген еді бір сөзінде осы жұмыстың басы-қасында жүрген білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың директоры Гүлнас Ахметова. Көзделген нысана өз нәтижесін беруде. Курсты оқып жатқан ұстаздар тек сабақ беру әдісін ғана емес, «жеке тұлғаға» баппен қараудың тәсілдерін меңгерді.