Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
1-сыныпта ағылшын тілін оқыту
14-02-2013 08:44

Эксперименттің тақырыбы: 1-сыныпта ағылшын тілін оқыту    

Негізі: Көп тілде оқыту қазіргі тұлғаны қалыптастыру негізі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік басшысының ағылшын тілін 1-сыныптан бастап енгізу туралы тапсырмасын, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевтың 2011 ж. 24 маусымдағы  №20-46/05/128 хаттамалық тапсырмасын және ҚР БҒМ-ның Қадамдық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағылшын тілі 2012-2013 оқу жылында 1-сыныптан оқытылады, гимназия  республикалық  эксперименттік тірек мектебіне кірді.

Өзектілігі:Білім мазмұнын жаңарту арқылы келешекте кез -  келген ортаға  бейімделе алатын көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.

Зерттеу объектісі: Оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу заты:  Білім мазмұны, әдістері

Проблемасы:Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет және  Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне  кіруіне барынша жауап  бере алатын   жеке тұлғаны көптілді, көпмәдениетті қарым-қатынасқа түсе білетіндей етіп қалыптастыруымыз керек.  

Эксперименттің мақсаты:Ұлттық білім саясатына барынша жауап бере алатын  көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.

Эксперименттің міңдеттері:

1. Оқушылардың, ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын анықтау.

2. Оқу-әдістемелік дайындық жасау

3. Эксперименталды сыныпта ағылшын тілінің сабақтарын толық  қамтамасыз ету

4. Ағылшын пәндерін оқытуда жаңа  технологияларды енгізу арқылы оқушылардың  коммуникативті дағдыларын дамыту.

5. Эксперимент шеңберінде оқу үрдісі мен тәрбие жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету.

6. Мұғалімдер мен оқушылардың ізденіс мәдениетін дамыту және   қадағалау.

7. Экспериментті оқу- материалдық техникалық базамен   қамтамасыз ету.

Болжам: Егер оқу-тәрбие үрдісінде жеке пәндерді оқу жоспарында ағылшын тілін 1-сыныптан  оқыту негізінде ұйымдастырсақ, онда Қазақстанның әлемдік  білім  кеңістігіне кіруіне  барынша  жауап  бере  алатын көптілді,  көпмәдениетті  тұлға қалыптасады.

Зерттеу әдістері:Сауалнама (диагностикалық) бақылау, сынақ, байқау, талдау, жинақтау, мониторинг жасау.

Эксперимент кезеңдері: 

                І  кезең – Дайындық және ұйымдастыру  – 1 жыл   /2011-2012 жыл/

                ІІ кезең –  Практикалық (негізгі )              –3 жыл     /2012-2015 жыл/

                ІІІ кезең – Қорытынды                                - 1 жыл     /2015-2016  жыл/

Күтілетін нәтиже:Салауатты өмір салтын ұстанатын, іздемпаз, жігерлі  шығармашыл, кез-келген ортаға бейімделе алатын, әлемдік  мәдениетке жетік, ұлттық деңгейлі, рухани байлығы терең,  көптілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыптасады.

Оқу барысында Қазақстанға арналған Кембридж баспасының «Primary Colours» оқулықтарын, «Activity book» жұмыс дәптерін, CD аудио-дискін, әдістемелік құрал және үлестірмелі қағаздарын қолданады. 2012-2013 оқу жылы 1-сынып оқушылары (40 оқушы) оқулықтармен, жұмыс дәптермен толық қамтамасыз етілген. 

Экспериментегі мұғалімдер: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сабиганова Сания  Ақашқызы, жоғары санатты ұстаз, ағылшын тілін халықаралық әдіспен оқыту тренері. Облыстық білім беру Департаментінің, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталарының иегері, облыстың 75-жылына орай медалінің иегері.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Уажанова Ботагөз Болатовна, санаты екінші, білімі жоғары. 2012 жылы 27-28 сәуір айында Астана қаласында өткен «Ағылшын тілінің бейімделген оқулықтарын қолдану - бастауыш сыныпта ағылшын тілін енгізіп оқытудың тиімді негізі» атты республикалық семинарға қатысты.  2012 жылы 22-30 маусым айында Алматы қаласында «Study Inn» ұжымының ұйымдастыруымен   өткізілген әдістемелік құралдарды, тақырыптық-күнтізбелік  жоспарларды құрастыру  жұмысына қатысып, сертификаттарға ие болды. 2012-2013 оқу жылы 1-сыныпта ағылшын тілін оқытуда шығармашылық топ мұғалімдерінің және Министр өкілдерінің басқаруымен шығарылған бағдарламаны негізіне алып тақырыптық-күнтізбелік  жоспар құрастырылды.