Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Қазына көтерген бала». Ә.Жапаров. Ана тілі сабағы.
28-05-2013 13:39

Білімділік мақсаты:Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу; көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:  Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы адамдар өмірін үлгі ету;

Сабақ түрі: Аралас сабақ         

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс

Көрнекілігі:элекрондық оқулық ,энциклопедиялар,слайд

Жоспары:  1. Топтарды таныстыру

                   2. Мәтінмен жұмыс

                   3.  Сұрақтарға жауап алу

                   4.  Топтарға мәтін бойынша тапсырмалар беру

                   5. Сергіту сәті

                   6.Қосымша кітаптармен жұмыс

                   7.Қосымша деректер

                   8. Қорытындылау.Бағалау.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру

Топтарды таныстыру:1-топ: Әдебиет орталығы

                                     2-топ: Дүниетану  орталығы

                                     3-топ:  Өнер орталығы

Әр топ бір-біріне тілек айтады.

II.Үй тапсырмасын сұрау,бағалау

 -  М.Дулатов өмірбаяны

-  Шығармалары

-  Өлеңдерін жатқа айту

III.Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту

- Мен мынадай қоржын әкелдім, оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Оны білу үшін Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып танысайық

2.Оқулықпен жұмыс

Электрондық оқулықтан мәтінді тізбектеп оқу

-Мәтін кім туралы? (1-слайд, 2-слайд-Қ.Сәтбаевтың балалық шағынын фотосурет)

- Қ .Сәтбаев туралы не білесіңдер?

3.Мәтінмен жұмыс

Түртіп алу жүйесі: «+»-мен үшін жаңалық, «-«-мен үшін түсініксіз, «v»-мен білемін

 Сұрақтарға әр топ кезектесе жауап береді (3-слайд)

1.     Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Неліктен?

2.     Қапшықтың ішінен не шықты?

3.     Қаныш қандай сурет салған екен?

4.     Оның әр нәрсені білуге ынтазар бала болғанын неден аңғаруға болады?

5.     Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерін байқадыңдар?

6.     Қаныш туралы ұстазы не деді?

7.     Қаныш тастарды неге әкелді деп ойлайсыңдар?

4.Топтармен жұмыс.Ой толғаныс.

 Топтарға жеке тапсырмалар беріледі (4-слайд)

uҚанышқа мінездеме беру

uҚаныштың бойында қандай өнері болған?

uМәтіннен дүниетануға  байланысты деректерді    табу

5. Сергіту сәті (5-слайд)

Жемістердің бәрі бар,

Бау бақшадан танып ал.

Ол үшін не керегін, Берем әр зат дерегін

            Біреуін  қағу  керек,

            Біреуін  шағу  керек,

            Біреуін  жару  керек,

            Біреуін  қазу  керек,

            Біреуін  үзу  керек,

            Біреуін  үгу  керек,

            Біреуін  жұлу  керек,

            Біреуін  турау  керек,

            Біреуін  тілу  керек,

            Біреуін  аршу  керек,

            Біреуін  қуыру  керек...

            Шатастырмай айт, кане,

            Ол қай жеміс аттары?

6. Қосымша әдебиетпен жұмыс (6-слайд)

Әдебиет орталығы :  Қаныштың өмірбаянын әңгімелеу

Дүниетану  орталығы: Қаныш еңбектері туралы тауып оқу

Өнер орталығы:  Мәтінде ұстаздың көз алдына елестеген көріністі бейнелеу

8.Қосымша деректер (7,8,9,10-слайд)

-Қ.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған монета

- Қ.Сәтбаев атындағы ғаламшар

- Қ.Сәтбаев атындағы канал (Ертіс-Қарағанды каналы)

- Ақсу қаласындағы ескерткіш мүсін

 IV. Қорытындылау  

Білемін

Білдім

Білгім келеді

       -  Бағалау                         

V.Үй тапсырмасы(12-слайд)

Хрестоматия оқулығынан

1) 106-бет,  “Ерте есейген бала”

 2) 122-бет,  ”Тұңғыш кен инженері”