Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы.
06-06-2013 11:52

                                                             Директордың көптілдік   жөніндегі

  орынбасары  К.Б.Тулеубаева

Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі.

Мектептің білім мазмұнын қамтамасыз етудегі мүмкіншілігіне, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, педагог кадрлардың сапалық құрамына және материалдық-техникалық базасына талдау жасай отырып,  педагогикалық ұжым өз мақсаты мен эксперимент мақсатының сәйкес келгенін анықтады

2005-2006 оқу жылынан бастап гимназия облыстық деңгейде  үш тілде оқыту эксперимент алаңына енгізілді. Осы бастаулардың негізі оқу-әдістемелік ұйымдастыру жағы гимназия директоры Р.Х.Сламбекова және директордың ғылым жөніндегі орынбасары Қ.М.Аккентаева.

Эксперимент мақсаты – Ұлттық білім саясатына барынша  жауап бере алатын көптілді  меңгерген тұлғаны қалыптастыру

Көптілді оқытуды енгізуге байланысты эксперименттің іс-әрекет бағдарламасы жасалып бекітілді, бағдарлама бойынша экспериментті өткізу үш кезеннен тұрды:

І кезең –дайындық және ұйымдастырушылық кезеңі

ІІ кезең –  2006-2009  оқу жылдары, тәжірибелік кезең             

ІІІ кезең  – қорытынды - 2009-2010 оқу жылы.

Оқушылар ағылшын тілін екінші сыныптан бастап оқығанына қарамастан, физика пәнін ағылшын тілінде оқыту елеулі қиындықтар туғызды. Қиындықтардың бірі ағылшын тіліндегі жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкестіріліп жасалған физика оқулығы, ағылшын тіліндегі есептер жинағы жоқтығы. Сондықтан физика пәнінен облыстық Қазақ-түрік лицейінен әрбір сыныпқа оқулықтар алынды. Ал терминологиялық сөздіктер мен есептер жинағын әр сыныпқа пән мұғалімі Кабылбекова Алмагүл Серікбайқызы өзі құрастырып, ПМУ ғалымы К.Н. Булатбаева мен ИНЕУ-дің ғалымы Р.Ж.Саурбаев бекітті.  Алмагүл Серікбайқызы эксперимент басында дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің мұғалімі Мехмет Ердоғанмен бірігіп панорамалық, кіріктірілген сабақтар өткізді, биылғы 2012-2013 оқу жылы лицейдің физика пәнінің мұғалімі К.Б.Ауелбаева гимназия оқушыларына сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқу жылының соңыңда физика пәнінен әр сынып сынақ тапсырады, онда оқушылардың білімі физикадан теориялық материалдарын қазақ тілінде, терминдік сөздерді үш тілде, есептер шығару мен зертханалық жұмыс жасауды және өз ойын қорытындылауды ағылшын тілінде тексеріледі.

Эксперимент барысында 4 облыстық семинар өткізілді. 2010 жылы  9 сәуір күні  5-жылдың қорытындылау кезеңі бойынша  «Үш тілде оқыту  экспериментінің көптілділік тұлғаны    қалыптастырудағы тиімділігі» атты облыстық семинар өткізілді. Осыған облыстық білім басқармасының, облыстық «Ертіс дарыны» орталығынын, Ақсу қаласының білім бөлімінің қызметкерлері қатысып жоғары баға берді.

Физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна физика пәнін үш тілде оқытады,  іс-тәжірибесі облыстық деңгейде таратылды. Республикалық Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің ІІІ орын иегері (2008);   «Педагогикалық шеберлік-2010»  облыстық байқауының жүлдегері (ІІ орын); республикалық интернет-олимпиада мұғалімдер арасында (КИО-2012,  ІІІ орын). Оқушылары Республикалық Астро-физикалық турнирде 2012 ж. ІІІ орын, физика пәнінен  Қазақстан интернет олимпиадасының І, ІІ орын жүлдегерлері.  Облыстық, республикалық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Гимназияның бір ерекшілігі: 2000 жылдан ағылшын тілін 2-сыныптан бастап оқытуда. Ағылшын тілін жақсы менгеру барысында, үлкен жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы гимназия республикалық тірек мектептеріне кіріп, ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту эксперименті енгізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдер С.А.Сабиғанова, Б.Б.Уажанова, А.Е.Смагулова республикалық семинарларға қатысып, әдістемелік құралдарды, тақырыптық-күнтізбелік жоспарларды құрастыруға қатысып, сертификаттарға ие болды.

Гимназияның шығармашылық ізденістегі оқытудың көптілділік жүйесінен де көрнеді.  Бейбітшілік Корпусымен байланыс құру мақсатында гимназияда 2008-2010 жылдары ерікті Брайн Геллеспи, 2010-2011 жылдары Ла Кристи жұмыс істеді, тәлімгері  – ағылшын тілінің мұғалімі С.А.Сабиғанова. Ағылшын тілінде қосымша әдебиеттермен қамтылған қалалық орталық құрылды, қор орталығы Америкадан арнайы жіберілетін кітаптармен толықтырылды. Гимназия базасында Ақсу аймағындағы ағылшын тілі мұғалімдері үшін Павлодар облысының еріктірлері қатысуымен 3  оқу-жаттықтыру тренингтері-семинарлар өткізілді.  Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сания Ақашқызы Сабиғанова ағылшын тілін халықаралық әдіспен оқыту SOROS бағдарламасының  «Батыс пен шығысты тілдік мұра арқылы біріктірейік» жобасының  тренері, Павлодар облысының  Білім беру Басқармасының Құрмет Грамотасының, Павлодар облысына 75 жыл мерекелік медалінің иегері. Оқушылары халықаралық «ХІI Сәтпаев оқуларында»  І орын /2012/, облыстық ғылыми жоба сайысында ІІІ орын/2012/,  интеллектуалдық ойындарында «British Bulldog»-16 оқушылары, «Кенгуру–лингвист»-5 оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Гимназияда көптілділік білім беру  жүзеге асырылуда: ағылшын тілімен қатар араб тілі,  қытай тілі жүргізіледі. Араб тілі 5-пен 9-сыныптар арасында өтіледі. Мұғалімі Аршабаев Серікбол Тлегенұлы Сирия Араб Республикасының Дамаск қаласындағы Абу – Нүр университетінде  араб тілі факультетінде оқыды, гимназияда 2000 жылдан жұмыс істейді. Оқушылары ізденіс жұмысымен де шұғылданады. Оқушылары қалалық ғылыми жоба сайысында І орын /2004/, І орын /2010/ иеленді. 

2009 жылдан бастап гимназияда қытай тілі сағаттары оқу жоспарының жеке тұлғаны бағыттау кешеніне енгізілді. Қытай тілі пәнінің мұғалімі - Жәйнагүл Хуаныш, жоғары білімді ұстаз. 2012 жылы 15 мамыр күні  қытай тілі кабинетінің мерекелік ашылу рәсімі өтті. Ағымдағы оқу жылы қытай тілін 3-7 сыныптарда  оқытылады, ата-аналар қолдауымен барлық оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Кабинет техникамен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен жабдықталған. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары, белсенділіктері жақсы, оны сабаққа қатысу барысында байқалды.

Хуаныш Жәйнагүл Павлодар қаласының білім беру басқармасының «Ұстаздарға қошемет» дипломымен /2010 ж./, Инновациялық Еуразия университетінің «Алғыс хатымен» /2010 ж/ марапатталды.

Көптілділік оқыту барысында сабақтан тыс іс-шаралар қарастырылған. Жүйелі түрде үш тілде интеллектуалды ойындары өткізіледі, «Балауса» мектепішілік газеті шығарылады, әр жартыжылдықта ақын-жазушылардың шығармашылық кештері өткізілді, мысалы, Қ Сәтбаевтың туған күніне арналған «Даланың дана ұлы» және М.Шахановқа арналған «Тілім менің тағдырым» атты шығармашылық кештер үш тілде өтті.

Эксперимент алға қойған мақсатына жету жолында, атқарылған іс-шаралар негізінде көп теген нәтижеге жетті:

-көптілділік олимпиада жеңімпаздары,

-түлектердің шетелде оқуы,

-ғылыми ізденіс жұмысы,

-халықаралық интеллектуалды ойындарда жүлделі орындарға ие болу.

Қорыта келгенде - Ұлттық білім саясатына барынша  жауап бере алатын көптілді  меңгерген тұлғаны қалыптастыру жолындамыз.