Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған айлығының қорытындысы (2013 жыл)
17-10-2013 04:28

Мақсаты: Тіл заңының орындалуын қадағалау, үш тілде оқыту эскперименті бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, олардың деңгейін, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру негізінде іс-шаралар ұйымдастыру.

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында 2013 жылы 2 - 28 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» шеңбері өткізілді.  Қазақстан Республикасында тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекетті бағдарламасын қарастыра отырып, ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған айлықты  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды. Кітапханада «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әр сыныпта «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.

Қазақстан халқы Тілдер Күнін мерекелеу барысында 16-21 қыркүйек аралығында «Балауса» ақпараттық радио орталығы және барлық тіл мұғалімдері үзіліс кезінде «Тіл – алтын қазына» атты радиохабарлар үш тілде өткізілді.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде кітапханада Фариза Оңғарсынованың  шығармашылығына арналған «Дауа» атты  кітап көрмесі (жауапты: Каримова Г.), 5-11 сыныптар арасында «Тыңда мені жүрекпен» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы (жауапты: Жакупова С.С.), «Поэзия  падишасы» атты әдеби кеш (жауапты: Дүйсембаев Ә.Қ., Шапауова Ә.С.) өткізілді.

«Тілдер ұштығырлы» атты сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланды. 17- 28 қыркүйек арасында 14 сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды, олар: 1-сыныпта «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» /мұғалімі Аубакирова А./,  2-сыныптар арасында «Ертегілер елінде» атты ойын  /мұғалімдері  Аманжолова С, Ахметжанова Қ./,  «Funny English» атты зияткерлік ойын  /мұғалімдері Сабиғанова С.А., Уажанова Б.Б./,  3-сыныптар арасында «Өлең сөздің патшасы -  сөз сарасы» /мұғалімдері  Омарова А., Елубаева М.С./, 4-сыныптар арасында «Сөз мерген» атты сайысы /мұғалімдері Кадырбаева Г, Амренова А./, «Занимательный русский язык» атты зияткерлік ойын /мұғалімі Бекбасова Б.Ш./; 5-6-сыныптар арасында «We know everything» атты зияткерлік ойын /мұғалімдері Смагулова А.Е., Нургалиева С.Е./; «Алтын қақпа» атты ойын /мұғалімдері Шапауова А.С., Нұрғалиева Д.А./, 7-сыныптар арасында «Жас полиглот» атты зияткерлік ойыны /мұғалімі Тулеубаева К.Б./,  8-сыныптар арасында «Кто хочет выиграть миллион?» атты зияткерлік ойыны /мұғалімі Ибрайкина К.М./, 8-10-сыныптар арасында                        «XXI-ғасырдың көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны /мұғалімі Дүйсембаев Ә.Қ./; 10-сынып «Тіл білгірі» атты  әдеби-танымдық ойыны /мұғалімі Жакупова С.С./, 11-сынып «Елім менің» атты танымдық интеллектуалы ойын /мұғалімі Ғазиз Е.Ғ. / өткізілді.

Мәнерлеп өлең оқу сайысының женімпаздары  Ақтоты Жомарт (5-сынып) І орын, Жалелова Батима (8-сынып) және Берденбек Аманжол (5-сынып) ІІ орын иеленді.  І орынға Қабылда Әлібек (10-сынып), Боранбай Бихан (7 «Ә»-сынып), Өмирбекова Айжан (8 «Ә»-сынып), Рамазанова Аяулым (5 «Ә»-сынып) ие болды. Тілдер айлығына гимназия оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып,  барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.

Көптілділік жөніндегі директордың

орынбасары:  К.Б.Тулеубаева