Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Ақсу өңірінің тумасы, ҰОС ардагері Ілияс Оспанұлы
27-02-2015 06:30
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Ақсу өңірінің тумасы, ҰОС ардагері Ілияс Оспанұлы

Ілияс Оспанұлы Оспановтың ғұмырнамасы

Ілияс Оспанұлы 1923 жылдың  қаңтар  айының 5 жұлдызында Павлодар облысының Лебәжі ауданының Қаракесек аталған (ал кейіннен "Қайрат", "Қызылқоғам" кеншерлері болған) Қызыләскер ауылдық Кенесінде туды. Әкесі Оспан Оразалыұлы ауылдағы "Қосшы"  ұйымының мүшесі, жергілікті сауда-саттық ұйымдарында, "Қараауыл" деген жердегі "ГОЗ" (қоғамдық жер серіктігі) ұйымдастырып, сонда басқарма болып қызмет атқарды.

Ілияс 7-жылдық мектепті сол Октәбіртан мектебінде бітірді. Сол мектепті 6 бала: Ілияс, оның немере ағасы Әубәкірұлы Баймолда, Серғазыұлы Сейтжан, Молдакелдіұлы Нұрымбай, Шәменұлы Тұқылай және Кеңес Одағының Батыры Серғанұлы Құдайберген бітірді. Ілияс Керекуге келіп, ондағы N10 Абай атындағы үлгілі орта мектепке түсті. Сол түлектердің көбі Воровский атындағы мұғалімдер техникумына түсті.

Сол онжылдық мектепті бітірген Ілияс Оспанұлы өз ауылындағы жаңа ғана ашылып жатқан Қызыләскер орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиетінен оқытушы болып тағайындалды.

Сонымен 1940 жылдың 15 тамызынан бастап, Лебәжі ауданының Қызыләскер орта мектебінде ұстаздық еңбегін бастады.

Әскерге шақырылар алдындағы әскери коммисияда оны Житомирдегі әскери-саяси училищеге тіркеп қойған болатын.

Кейіннен, 1942 жылдың 9 қаңтары күні Ілиястың өзі де әскер қатарына аттанды. Ол Кемерова, Прокопьевск, Алматы, Самарқанд, Катта-Қорған қалаларында әскери дайындықтар өтіп, 1943 жылы мамырдың 10 жұлдызында Өзбекстанның Наманған қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. Онда әуелі 6-аймақ, кейін бір жылдық бағдараламамен ақоп, 1944 жылдың қыркүйегінде кіші лейтенант, минамётшілер взводының командирі болып шықты.

Харьковтің әскери училищесін бітірісімен оны Украинаның Нежин деген қаласындағы 59 ОПРОС-қа (Отдельный полк резервного офицерского состава) жіберді. Онда бір айдай тұрып, әскери бөлімшелерге жіберуді күтті. Сонымен І Украина майданының 3-танкшылар армиясы,  9-метомеханизацияланған корпустың 70-бригадасы құрамындағы 616-гваридияшылар миномёті  І батареясындағы І взвод командирі қызметіне тағайындалды.

Даңқты 1945 жылдың сәуірінде 3-танкшылар армиясы фашизмнің ұясы Берлин түбіне жетіп, сол сәуірдің 21 жұлдызында Берлинге шабуылмен Трептов көпірі арқылы Шпрес өзенінен өтіп, жау астанасына басып кірді.

Мұнда 3 мамырға дейін соғысып, ақыры Кеңес әскерлерінің жойқын күштері тозығы жеткен империалистер армиясының тосқауылдарын талқандап, дұшпанның өз ұясында тізе бүктірді. Мамырдың 3 жұлдызында І Украина майданның әскерлеріне туысқан Чехословакия астанасы Праганы басқыншылардан азат етуге бұйрық берілді. Сол күні кешқұрым бүкіл Украина майданы сол бұйрықты орындау үшін аттанды.

9 мамырда 9-мехкорпус осы қандастар қаласы үшін кескілеске ұрыс құрды.

8 мамырда Прага азат етілді. Ал, келесі күні, 9 мамырда соғыс аяқталды.

Ілияс Оспанұлы 1945 жылдың 5 маусымынан бастап, 1946 жылдың 5 маусымына дейін Австрияның Голлабрун, Штоккерау қалаларында КСРО Орталық аккупация тобында, 1946 жылдың 5 маусымынан 1947 жылдың 15 желтоқсанына дейін Германиядағы КСРО аккупациялық тобының құрамында Штоккерау, Коттбус, Люббен қалаларында батарея командирі қызметін атқарды.

1947 жылдың 20 желтоқсанынан 1948 жылдың мамырының аяғына дейін Белорусия әскери округінің 5 армиясы қатарында Минск облысы, Пуховичи ауданы, Лапичи деген селосында 268 танкшілер полкінде кадрленген дивизионда кіші командирлер даярлайтын полк мектебінде батарея командирі болып жұмыс жасады.

1948 жылдың мамырдың аяғында запасқа шығып, елге оралды.

1948 жылдың шілдесінен бастап, 1957 жылдың қазан айына дейін Лебәжі ауданының Жас Еңбек N23 кеншар орталау мектебі, Лебәжі орта мектебінің директоры, 1957-1961 жылдарда аудандық оқу білімінің меңгерушісі, 1974-1975 жылдарда Ақсу аудандық ауыл шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 1976-1983 жылдарда 5 қаңтарға дейін Қызылжар орта мектебінің директоры қызметін атқарып, сол жерден жасына байланысты зейнеткерлікке шықты. Дегенмен Ілияс Оспанұлы қызметтен қол үзбей келді. 1984-1985 жылдарда Ақсу аудандық архивінің директоры, 1985-1989 жылдарда Май аудандық "Шамшырақ" газетінің бас редакторы. 1990 жылдан 2003 жылға дейін Ақсу қалалық-аудандық біріккен *Қазақ тілі* қоғамының төрағасы болып жұмыс атқарды. Ол кісі осы ұйымды ұйымдастыруда, қалыптастыруда көп еңбек сіңіріп, алғашында төраға орынбасары, көп ұзамай сол ұйымның төрағасы болып сайланған.

Зейнеткерлікке 1983 жылдың 10 қаңтарынан шығып, 1984 жылдың наурызынан бастап "Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбек үшін" деп аталатын зейнеткер болып, 1957 жылы "Қазақ ССР-і халық  ағарту ісінің озаты" омырауға тағатын белгісімен марапатталған. 1966 жылы Ұлы Отан соғысында Қызыл Жұлдыз, Отан соғысын 2 дәрежелі екі орденмен, 1961 жылы «Үздік еңбегі үшін» және басқа да 15 медалімен марапатталды. «Республика алдындағы сіңірген еңбегі үшін»  белгісін де тақты.

1966 жылы наурызда Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен жүлделенді. Облыс, аудан грамоталары ондаған. Басқа да кеудеге тағатын ерекше белгілері де толып жатыр.

1955 жылдан 1985 жылға дейін аудандық, ауылдық Кеңестер депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланып отырды.

Өлең жазу өнерімен 1939 жылдан шұғылдануда. Өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық газет-журналда жарияланып жүр. «Полковник Баймолдин», «Ана аясында» деген екі поэмасы облыстық "Қызыл ту" ("Сарыарқа самалы") газетінде жарық көрді. "Социалистік Қазақстан" ("Егемен Қазақстан"), "Қазақстан мұғалімі", облыстық, аудандық газеттердің штаттан тыс тілшісі болып көп жыл еңбек еткен. Ілияс Оспанұлы Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. 20 медаль иегері, «Халық ағарту қызметінің озаты», Қазақстан мектебіне еңбегіне сіңген мұғалім.

Ел ауызындағы айтулы тұлға

«Ел атын ер шығарар» демекші елі мен жері, туған өлкесі үшін тер төккен тұлғалар қазақ елінде аз емес. Солардың бірінде, бірегейі де туған өлкеміздегі дара тұлға –  Ілияс Оспанұлы.

Ілияс Оспанұлы Кереку өңірінің тумасы. Туған халқы, елі үшін аянбай тер төккен соғыс ардагері. Ілияс Оспанұлы сонау аумалы – төкпелі соғыс кезінде халқының қамы мен тыныштығы үшін арпалысқан.

Батырлық сом тұлға – туған өлкесі, қарапайым халық қамқоршысы болып еңбек еткен. Өз елінің табысын, атақ – даңқын жырға қосып, қалам тербеген. Оның қолтаңбасын танытатын тырнақ алды туындылары *Өмір өрнектері*, *Ана аясы*, *Полковник Баймолдин*, *Сыр сандық*, *Белестер* атты жинақ болып жарыққа шықты.

Ақын өлеңдерінің мазмұны көбіне күнделікті тұрмыс – тіршіліктен алынған тақырыптар. Тыңнан өрілген осы тақырыптардың көпшілігі әдеби бағытта да өріс алған.

Мысалға Ілияс Омарұлының *Өлең сөздің қайнары* атты Сұлтанмахмұт Торайғыров рухына арнауында Сұлтанмахмұт Торайғыровпен тақырыбы және идеясы үндес. Екеуі де қазақтың көк аспанында еркін *көзі ашық, көкірегі ояу* болғанын қалады, қалайды да. Ал Ілияс Омарұлының Сұлтанмахмұт Торайғыровпен анық үндестігі – ақын аңсаған күннің туғандығын, өзі осы күнді көре алмаса да, келер ұрпақтың аспаны ашық, көкірегі оянғаның көргенін ақын рухына арнауы. Ілияс Омарұлы өз жырында:

1.  Жырлардан өрнек салғансың,

2.  Әр сөздің үлгі боларлық,

3.  Тарихта мәңгі қаларсың,

4.  Ұрпақтар үлгі аларлық, -  деп ақынмен ақындарша тіл қатады.

Ақын Ілияс Омарұлы ұлылар салған дара жолды мадақтап қана қоймай, тыңнан өрілген тағы бір тақырып – табиғаттың тылсым жаратылысы туралы да тіл катқан екен. Ақын *Ертісім* деген өлеңінде:

                    Ертісім, бұлқынасың арна керіп,

                    Несібең көп қой жүрген маған бер.

                    Тасқының тау бұзардай асау өзен,

                Кетерсің қамал бұзып, берсем едік,  -   деп табиғат жаратылысының ағынды бір бөлшегі Ертіс өзені туралы қалам тербеген. Қазақ ақындарының  өзен – көл, тау – тастар туралы жырлаған өлең – толғаулары көптеп кезедседі. Бірақ осы өлеңде Ертіс өз өңірінің көркі, елінің берекесі, жайлы қонысы, қорегі ретінде нақты танытылған. Бұл Ыбырай Алтынсариннің тауды жарып шыққан сарқырамасы емес, Ілияс Оспанұлы жырлаған Сарыарқа төсіндегі кең жазира. Міне, бұл Ілияс Оспанұлының өз қайталанбас қолтаңбасы.