Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар». 6ә-сыныпта өткізілген тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі Нургалиева Д.А.
14-04-2015 10:37
«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар». 6ә-сыныпта өткізілген тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі Нургалиева Д.А.

Күні: 08.04.2015

Тақырып: «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, плакат, кітап көрмесі, интерактивті тақта, видеофильм, маркерлер

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңіске, Жеңіс күнін сыйлаған қас батырларымызға арналады.

І Слайд: Соғыс күндерінен көріністер

1оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Ендеше батыр атамыздың өз дауысын естіп көрейік.

ІІ Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы видеофильм көрсетіледі (өз дауысы)

ІІІ Топпен жұмыс: Мұғалім: Ал енді балалар 4 топқа бөлінейік: қаһарман ата-апаларымыз туралы деректер мен ақпараттар жинақтап, көріністі ортаға салады. Топтық жұмысқа 5-7 минут беріледі.

І топ. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар

ІІ топ. Ертіс - Павлодар өңірінің батырлары

ІІІ топ. «Біз - жеңімпаздар ұрпағымыз»

ІҮ топ. Қаламгер-батырлар.   Кітап көрмесі туралы айту (топтар бірін-бірі бас бармақ, бағдаршам, екі тілек, бір жұлдыз, пікір білдіру арқылы бағалайды)

ІҮ   «Мәншүк пен Әлия» ән тыңдау

Ү Шығармашылық жұмыс. Мұғалім: Келесі кезең шығармашылық тапсырмаларға арналады. Біз өзіміздің көрген,білгенімізді, ойға тоқығанымызды, жанымызбен түйсініп, бір ой қорытындысын шығарсақ.

1 топ – «Менің мақтан тұтатын батырыма хат» тақырыбында  хат жазады,

2 топ – Ұлы Отан соғысы,батырлар ерлігі  тақырыбында өлең шығарады,

      3 топ –  «Ер есімі –ел есінде» батырға хат жазу, эссе жазу, өлең құрастыру

  атты  тақырыпта ойтолғау, эссе жазады.

Слайд материалдарын қолдану.

Әрбір топтан 1-2 оқушыдан өз шығармашылық тапсырмаларын ортаға салады. Ал балалар өз пікірлерін білдіріп, толықтырады.

ҮІ «Лото»ойынымен аяқтау, сұрақтарға жауап беру

1.Ұлы Отан соғысы қайжылдар аралығында болды?

2.Жерлес батырларымызды атаңдар

3.Рейхстагқа ту тіккен қазақ қаһарманы кім?

4.Мәскеу үшін шайқастағы ерліктерін  ерекше атап өтуге болатын батальон командирі кім?

5.Сұрапыл соғыста қанша адам опат болды? Оның қаншасы қазақстандықтар

6.Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған қандай шығармаларды білесіңдер? Мәнерлеп оқып беріңдер.

Мұғалім:

70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл - шуақты күн таратты әнін.

70 рет - көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары, -дей келе әр адамзат үшін қымбат мереке Жеңіс күнінің 70 жылдығы да келіп жетті. Осы күнге жету үшін от кешкен,қан майданда жан тапсырған ата-бабамызды, күн санап азайып бара жатқан ардагерлерімізді әрдайым есте ұстау әркімнің, әсіресе жас ұрпақтың борышы, біз оларға бас иіп, ерліктерін жадымызда мәңгі сақтаймыз.

6«ә»-сынып оқушыларының шығармашылығынан

Отан үшін от кешкендер

Ел басына күн туған,

Ауыр болды сол күндер.

Отан үшін шоқ ізі,

Естен кетпес сол күндер.

Отан үшін ар бермеген,

Отан үшін жан тербеткен,

Жеріндегі  ұл мен қызым,

Қазіргі күні ер боп жеткен!

Ол күндер де өтті ғой,

Бақыт болып жетті ғой!   

Авторы: Рамазанова Аяулым

Жеңіс күні

Келешек ұрпағының бақыты үшін

Аталарым жеңіс күнін жақындатты.

Сол уақытта бейбіт болды керегі,

«Жерім», -деп соқты ердің жүрегі.

Жеңіспен келді халыққа

Ержүрек, батыр ағалар.

Бақыт берген халыққа,

Қаһарманға арналды әр жырлар.

Жеңіс келді еліме,

Жеңіс келді жеріме.

Жеңіс келді бақыт боп,

Жеңіс келді ән болып.   

Авторы: Батай Аружан