Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназия мен бала-бақша арасындағы байланыстың көрсеткіші-бір бағытта өтетін ата-аналармен жұмыс
26-03-2013 06:04

Гимназия мен бала-бақша арасындағы байланыстың көрсеткіші-бір бағытта өтетін  ата-аналармен жұмыс

Павлодар облысы, Ақсу қаласының гимназиясы

Бакирбекова Г.А-директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Адам баласының жарқын болашағы толығымен

жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді.

Білім берудегі жағдай жаңа типтегі мектеп ашу, білім мазмұнын жаңарту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшелініп қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын,әлеуметтік деңгейдің төмендеуін,отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б  келтіруге болады.

Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі мектеп Миссиясы тек оқушыларға адамгершілік, коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе бұл ынтымақтастықты қалыптастыру бастауыш сатыда ерекше орын алады.

Баланың бірінші ұстазы-ата-анасы деп тегін айтылмаған. Бала-бақша болсын,мектеп болсын  ең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы,әдеті мен түсініктері бар. Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық. Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы мектепке дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап,атсалысуын қамтамасыз ету.

Көптеген ата-аналардың мектеп өміріне тікелей қатысуында тәжірибесі жоқтың қасы. Бұл мәселені шешуде отбасымен серіктестік пен ынмытақтастықты баланың мектепке бейімделуі кезеңінде жаңа деңгейде құру қажет. Баланың мектептегі өмірінің табысты басталуы-отбасы мен мектептің ортақ әрекетінің нәтижесі. Ата-аналармен  ынтымақтастық бастауында серіктестіктің қалыптасуы баланың мектеп өміріне тез бейімделіп, жан-жақты дамуына апарар жолдың негізгісі. Себебі ата-анасының мектеп өміріне белсене қатысуы  баланың өзіне деген сенімін арттырып, оқуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз.

Балабақшадан мектепке қабылданған кез-әр баланың өмірінде күрт өзгеріске толы кезең. Баланың психикалық жетілуіндегі маңызды  қортынды оның мектепке қаншалықты дайындығында жатыр.Себебі үйреншікті әдеттері мен әрекеттері өзгеріске ұшырайды, жаңа әлеуметтік жағдайларға тап болып, оған бейімделе бастайды. Өзінің жаңа қалып-жағдайын ұғыну,түсіну қиындыққа соқтырады.

Осыдан болар  мектеп пен бала-бақша арасындағы сабақтастық, біріге әрекет етудің маңыздылығы туындайды. Сондықтан сабақтастықтың  төмендегі қажеттіліктерін атап өтуге болады:

·         Бала-бақша мен мектеп бағдарламасының сәйкессіздігі.

·         Мектеп қабырғасындағы  қолданылатын дамыту бағдарламаларының қиындық туғызуы. Әрине жаңа технологиялар мен бағдарламалардың баланың дамуына оң әсері болғанмен,көп қиныдықтар тудыруы. Бақшада әр баланы оқу әрекетінің әдістеріне үйретпейінше бастауыш сатыда жақсы сапаға қол жеткізу мүмкін емес.

·         Баланың бастауыш сатыда үлгермеуінің басты себептерінің бірі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне дайын болмауы, не бейімделе алмауында жатыр

Баланы қоршаған ортасы,отбасы,достары,жеке өмірі, айналасының бытыраңқылығын азайтып, баланың тұлға болып даму аясында қиылысу нүктесін табу да қазіргі кезде мектептің құзырына беріліп отыр.

«Өзін өзі тану» пәні бала бақшадан жүргізілетіндіктен, бағдарлама философиясы, мақсаты  ата-аналармен бірлесе жұмыс істеуге бағытталған. Бұл пәннің өзгелерден ерекшелігі балаларды жақсылық жасауға, неғұрлым адамшыл болуға, өмірді бағалауға үйретеді, осындай қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі кезде ата-ана өзінің баласының бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуын қалай жүзеге асыра алады? Ең бастысы өз баласымен үздіксіз терең байланыс. Нақ осы байланысты сезіну және бастан кешу, балаға ата-анасының махабаты мен  өзінің маңыздылығын, қажеттілігін түсінуіне мүмкіндік тудырады. Ал осы байланысты сақтаудың негізі бала өміріндегі өзгерістермен  шынайы қызығу,оның таңдауы мен қалауына шынайы қызығушылық таныту, қолдау. Кейде отбасында байқалмайтын баланың жаңа тұстары мектеп қабырғасында байқалып, ашыла түседі немесе керісінше біз жиі ата-аналардан естіп жатамыз: Үйде сайрап тұрады, не үйде маған тамаша айтып беріп еді, деп. Сондықтан  отбасы мен мектептің серіктестігі дамуға бағытталған әрекеттер арқылы ұштастырылуы қажет. Ең алдымен ата-аналарға өзін-өзі тану бағдарламасының жалпы философиясын, көздеген мақсатын түсіндіруде «Барыңды балаға арна», «Болашақ бүгіннен басталады», «Баланың басты ұстазы- ата-ана» атты конференциялар мен дөңгелек столдар өткізу арқылы пәннің бүгінгі таңда қажеттілігі айқындалады.Ата-анлардың пікірі мен ұстанымын,қажеттілін тануда психологиялық тренингтердің,сауалнамалар мен рольдік ойындардың маңызы зор. Осы әдістер арқылы ата-аналар ашық пікірлесуге,өз ойын жеткізуге,бала тәрбиесіндегі қажетті тұстарды түсінуге үйренеді. Бір-бірімен  сенімді байланыс орнатып, ортақ мақсатқа жұмыла әрекеттенуге бейімделеді.

Бұл бағдарламаны іске асыруда түсінгенім, ең бастысы  ата-аналарды баланың жанын түсінуге, олардың арман-мақсатының іске асуына жетелеуге үйрету, баланың  өз өміріндегі қаншалықты маңызды екенін үнемі дәлелдеп отыруы екен. Сондықтан ата-аналармен өткізілетін шаралар барысында (жиналыс, конференция, семинар, тренинг, ақыл-кеңес, кездесулер)  өздерінің балалық шақтарымен салыстыруға мүмкіндік беру. Мысалы «Менің арманын қаншалықты орындалды?» атты пікірлесу сағаты. Әрбір ата-ана балалық шағында нені армандады,сол арманы қаншалықты орындалғанымен бөліседі. Оған қалай қол жеткізді,себебі неде деген сауалдарға жауап бере отырып, қазіргі таңда өз баласының арман-тілектерін ескере ме екен,оның орындалуына қалай әсер етуде, деген сауалдар ата-ана тарапынан қызығушылық танытары анық. Көне нақыл былай дейді:

                Мен естісем-ұмытамын

                Мен көрсем-есте сақтаймын

                Мен орындасам- түсінемін, яғни адам өз басынан өткізіп, әрекет етсе ғана  мағынасын түсініп, бойына сіңіреді

Отбасымен жұмыстың қалыптасқан әдістерімен қатар,мектебімізде жүйелі түрде өткізілетін отбасымен серіктестік  әрекет түрлері де бар. Отбасының әлеуметтік, тұрмыс, мәдени деңгейін, жұмыс ерекшелігін ескере отырып әлеуметтік портретін құру.

  1.  Ашық есік күндері өткізілетін шаралар арқылы әр ата-ана баласының жетістіктерін байқай отырып, мүмкіндіктерінің, мінезінің қыр-сынып тани бастайды.
  2. Мерекелер мен шараларды өткізуге қатыстыру
  3. Бақшадан мектепке келерде әр баланың  даму картасы  болады. Картада оның физикалық,психологиялық,ақыл-ой дамуының деңгейі 
  4. «Денің сау болған керемет!» атты сыныптар арасындағы спорттық сайыс.Ата-аналар балаларының дене дайындығын ғана байқап қоймай,өздерінің де қабілеттерін көрсету арқылы жақсы эмоционалды байланыс орнатады. «Арулар,аяулылар»,  «Аяулы әже,инабатты немере» сайыстары отбасылық дәстүрді жаңғыртып, отбасыменсеріктестікті нығайтады.
  5. «Дарындыға дархан жол» атты ата-аналар алдындағы есеп концерті “Бұл шара оқу жылының соңындаэстетикалық, қолданбалы, спорттық, әскери, танымдық, ақпараттық бағыттағы қосымша үйірмелер өздерінің жыл бойғы жұмысының қортындысын көрсете отырып, оқушылардың білім-тәрбие саласындағы жетістіктері паш етіледі. 
  6. “Ата-аналарға арналған бұрыш ”. Бұрышта ата-аналарға баланың психикалық, дене, дамуындағы, жас ерекшеліктеріндегі өзгерістер, ескерілетін жағдайлар бойынша кеңестер мен сұрақ-жауап айдары жұмыс жасайды.

Адамгершілік-бұл  ата-ана мен баланы сақтайтын бекет,біріншісін реніш пен өкініштен сақтаса,соңғысын ар-ожданы алдындағы азаптан сақтайды.

Отбасымен серіктестік барысында жүйелі әрекет қажет, әрбір отбасының қызметін, әлеуметтік-материалдық жағдайын,білімі мен қызығушылығын,ұстанымдарын ескере әрекеттенген жөн. Ата-аналармен ағартушылық және бірлескен әрекеттердің кезеңдері анық нақты айқындалуы қажет.

  • Барлық бірлескен әрекеттер,ұсынған әдістер отбасына қызықты қажет болуы шарт
  • Ұсынылған әрекеттер мен әдістердің ішінде ата-анаға таңдау құқығы берілгені жөн.
  • Өз балаларымен бірлесе әрекет етуге,оның көзінде маңыздылығын сезінуге бағыттайтын әрекет жасауға мүмкіндігінің болуы

Мектеп тек оқу мен жазуға үйрететін орта емес,тек білім беріп қана қоймай, ең алдымен әр баланың жас ерекшелігіне сай танымдық,адамгершілік,жеке дара ерекшеліктерінің уақытында дамып,қалыптасуына ықпал ететін орта екенін ата-аналарға түсіндіру қажет. Ата-аналар жиналысын “Балаға деген адамгершілік қарым-қатынас деген не? ” тақырыбына арнау

Сөзімнің, ойымның  тоқетерін мына мысал әңгімемен аяқтағым келіп тұр.

 “Бір жас жігіт түсінде дүкенге келіпті. Дүкеннің сатушысы қарт адам екен. Жас кісі бірден мынадай сұрақ қойыпты: “Мырза, Сіз не сатасыз? Дүкеніңізде не бар?” Қария: “Сізге не керектің барлығы бар, қалауыңызды сұраңыз” – депті. Жас жігіт былай деп тізе бастапты:“ Мен әлемнің біртұтастығын, тыныштық пен бейбітшілікті, кедейшіліктің жойылуын, сүйіспеншілік пен діндер арасындағы келісімді, әйелдер мен ерлер арасындағы тепе – теңдікті қалаймын, сонымен қатар...» Сол кезде данышпан қария оны тоқтатып: “Кешіріңіз , Сіз мені дұрыс түсінбепсіз. Біз жеміс сатпаймыз, тек тұқымын ғана сатамыз”, – депті.  Ендеше алдарымыздағы жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтардың тұқымын сеуіп қана қоймай, оның жайқалып өсуіне де жағдай жасай білейік!