Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Орта және жоғары буын оқушыларының ата-аналарына нұсқау.
16-05-2015 10:16

1. Баланың оқуын жеңілдететін жағдайларды жасауға тырысыңыз:

Тұрмыстық: жақсы тамақтану, қолайлы күн тәртібі, толыққанды ұйқы, үйдегі жайлы атмосфера, сабақ қарайтын орынының жайлы, ыңғыйлы болуын қамтамасыз ету.

Эмоционалдық: баланың мүмкіндіктеріне сенім  білдіріңіз, жететін жетістігінен үміт үзбеңіз, күмән келтірмеңіз, кіші- гірім болса да жеткен жетістігіне қуаныңыз, жетістікке жету жолында махаббатыңыз бен шыдамдылығыңызды танытыңыз, сәтсіздіктері үшін ұрысып, жазаламаңыз.

Мәдени: балаңызды анықтамалықтармен, сөздіктермен, мектеп бағдарламаларымен, энциклопедиялармен қамтамасыз етіңіз.

2. Балаңызды тыңдаңыз: жаттауға, мазмұндауға берілген тапсырманы балаңыз үйде айтып берсін.

3. Сабақ кестесімен, факультатив сабақтармен, үйірмелер, қосымша сабақтар туралы үнемі сұрап, біліп отырыңыз.

4. Балаңызды басқа баламен, оның жетістігін басқа баланың жетістігімен салыстырмаңыз. Одан да оны өзімен өзін салыстырыңыз, бұл оны жаңа жетістіктерге жетелейді.

5. Баланың бос уақытына да көңіл аударыңыз, оны пайдалы, тиімді қылып ұйымдастыруға үйретіңіз, өзіңізде оған ат салысыңыз.

6. Баланың алған бағалары ғана емес оның игерген біліміне көңіл аударыңыз, алған білімі бүгінгі күні пайдаланылмаса да келешекте қажет болатындығын түсіндіріңіз.