Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Қазына іздеушілер» ойыны
09-07-2015 07:36
«Қазына іздеушілер» ойыны

12 маусым күні  «Балдәурен» сауықтыру лагерінде «Қазына іздеушілер» ойыны өтті. Ойынға: «Күншуақ», «ЖасStar», «Чемпион» топтары қатысты. Әр топтың аты мен ұраны айтылып, топтарға аялдамалар белгіленген карта таратылды. Барлығы 6 аялдама: «Ассорти» би аялдамасында музыкаға сәйкес топ басшысымен бірге би қимылдарын көрсету, «Салауат» аялдамасында балалар медбикенің жасырған  жұмбақтарын шешіп, алғашқы көмек көрсету туралы, «Паутина» әр топ мүшесі өрмек жіптен өту, «Сиқырлы бөлме» оқушылар арқанды ұстай отырып бөлменің бір шетінен екінші шетіне дейін жету және барлығы қосылып  ән айту, «Ертегілер әлемінде» ертегіден үзінді, сұрақ-жауап, «Ақыл-ой Одиссеясында» анаграммалар, логикалық тапсырмалар орындады. Әр аялдамада топтар тапсырмаларды орындау арқылы қазына жасырылған картаның бөліктерін жинады. Қазынаны бірінші болып «Күншуақ» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды.