Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Оқушы сипаттамасы (АҚШ-та жасалған, дарынды балалар мектебінде қолданылады.)
04-04-2016 08:33

(Оқу, ынталандыру, шығармашылық және көшбасшылық сипаттамалары.)

Әр қатардағы бос орынға ИӘ немесе ЖОҚ сөздерін қоя отырып, оқушының мінез-құлқын сипаттаңыз.

Оқу сипаттамалары:

1)       сөздік қоры мол;

2)       көп нәрседен хабардар және түрлі тақырыпта еркін ой қозғай алады;

3)       адамдар мен заттар іс-әрекетінің мәні мен себептерін түсінеді;

4)       жанды бақылаушы; өзгелерге қарағанда әңгіме, фильм немесе түрлі іс-әрекеттен «көп нәрсені көреді» немесе «көп нәрсені алады»;

5)       жасына лайық қойылған талаптан артық орындай алады;

6)       арифметиканы жылдам түсінетіндігі көрінеді.

   Ынталандырушылық сипаттамалары:

1)       мәселені шешуде бір беткей;

2)       әдетте өзгелерге кедергі келтіреді;

3)       өз пікірін дәлелдеуде бір беткей;

4)       іс-әрекетті аяқтауда күш жұмсайды;

5)       мұғалімнің тарапынан көп нұсқауды қажет етпейді;

6)       өзгелердің пікіріне әсершіл;

7)       дұрыс пен бұрысқа, әділеттілік пен әділетсіздікке селқос қарамайды, адамдар, оқиғалар мен заттарды кінәлай алады.

8)       басқаларға әсер етуге бейім, басқарады, көшбасшылық жасайды.

Шығармашылық сипаттамалары:

1)       өзгелерге жаңалықтар туралы қызбалана әңгімелеуге бейім;

2)       қалыпты рет бұзылса да,  алаңдаушылық білдірмейді;

3)       шындыққа жақын емес тақырыптар бойынша сұрақтарды көп қояды;

4)       танымдық ойларға, қиялдарға (егер ...... болғанда, не болар еді?) беріледі;

5)       ерекше жауап беруге бейім, оқиғаларды асыра сілтеп әңгімелейді;

6)       сөз жарыстыру ойындарынан үлкен қанағат алады;

7)       сын тұрғысынан зерттелмейінше, «ресми шешімдерді» шындық деп қабылдамайды, себеп-салдарын талап етеді.

Көшбасшылық сипаттамалары:

1)       жауапкершілікті өз мойнына алады;

2)       сыныптастарын жақсы көреді;

3)       бірнеше қызмет түрі бойынша көш бастайды.

Нәтижелерді өңдеу

Бұл тәжірибелік жұмысқа қосымша өңдеудің қажеті жоқ, нәтиже айқын көрінеді. Сіз толтырған сипаттама бала туралы нақты мағлұмат береді.