Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ
04-04-2016 08:37

Дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби біліктілігінің базалық компонентін құрайды:

а) жалпы кәсіби педагогикалық дайындық – пәндік, психолог-педагогикалық және педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар;

б) педагогтың негізгі кәсіби мәнді тұлғалық сапалары.

Дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби біліктілігініңарнайы компонентін құрайды:

а) дарындылық педагогикасы мен психологиясын (дарындылық, оның түрлері, психологиялық негіздері, анықтау критерийлері мен принциптері, дарынды баланың дербес даму ерекшелігі, дарынды баламен жұмыстың бағыттары мен түрлерін білу, т.б.)  белсенді игерудің нәтижесі болып табылатын психолого-педагогикалық білім, білік, дағдылар;

б) педагогтың кәсіби-тұлғалық позициясы:

– дарынды баламен дәстүрлі жұмыс түрлерін жүзеге асырғанша, бала дарындылығын мейілінше дамытып, белсендіруге көңіл бөлу;

– оқу процесін басқарып, бақылап қана қоймай, оқушыларға оқуға еркіндік беру.

      в)  педагогтың кәсіби мәнді сапалары: танымдық және ішкі кәсіби мотивациясының жоғары деңгейі; ішкі бақылау; өзін-өзі бағалау; тұлғалық өсуге ұмтылу және т.б.

.ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА

 

Сауалдар

Жауаптар

Иә  

Жоқ  

1. Мен баланың бар сауалына барынша шыдамдылықпен, шынайы жауап беремін.

 

 

2. Мен балаға жұмысының нәтижесін жақсарту үшін жәрдемдесемін.

 

 

3. Мен баланы сүйікті ісіне қажетті кітаптармен, материалдармен қамтамасыз етемін.

 

 

4. Мен баланы қиялдауға, ойдан қиыстырып, құрастыруға ынталандырамын.

 

 

5. Мен баланы проблеманы айқындап, оны шешуге ынталандырамын.

 

 

6. Сабақ үстінде балаға лайықты мақтау табамын.

 

 

7. Мен балаға шын мәнінде шешім қабылдауға мүмкіндік беремін.

 

 

8. Мен баланы өздігінен ойлануға үйретемін.

 

 

9. Мен баланың бастаған жұмысының негізгі бөлігін, нәтижесіне сенімді болмаса да, өзі орындауы дұрыс деп есептеймін.

 

 

10. Мен балада оның бейімділіктерін жағымды қабылдауды дамытамын.