Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Дарындыға дархан жол» оқушыларды марапаттау
18-05-2016 17:19
«Дарындыға дархан жол» оқушыларды марапаттау

Білім ордамыз гимназияның 1 жыл бойғы жеткен жетістіктері, бағындырған асулары мен белестерін көпшілілікке таныстыру, дарындылығымен топты жарып шыққан оқушыларды марапаттауға арналған «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш  дәстүрлі  түрде  жыл сайын өтеді. Биыл да кешіміз 13 мамыр күні мәжіліс залында салтанатты түрде өткізілді. Кеш жүргізушілер 11-сынып оқушылары Нуриденов Нұрбек пен Искакова Мадина оқушыларымыздың  жыл бойғы жетістіктерін таныстыра отырып, оларды дайындаған мұғалімдері мен алған марапаттары слайд арқылы көрсетіліп отырды. Әсіресе Халықаралық деңгейде білімі мен өнерін шыңдап, жоғары жетістікке жеткен «Айгөлек» би ансамбілі мен жетекшісі Зембаева Динара Негматулловна ерекше  мақтанышпен аталды. Сондай-ақ Республикалық пән олимпиадасының, Республикалық ғылыми жоба конкурсының кола медаль иегері Турапекова Айым, Республикалық ғылыми жоба конкурсының қола медаль иегері Манат Розагүл, Республикалық пән олимпиадаcының «Дарын» грамотасы иегері Жанкушуков Аманат пен Республикалық экономика пәні олимпиадасының ІІ орын иегері Асқарбек Әділді ерекше атауға болады. Оқушылар мәнерлеп өлең оқып, би билеп, домбырада ойнап, өнерлерін ортаға салды. 10, 8 сынып оқушыларының 3 тілдің маңыздылығын насихаттайтын шағын  көрініс көрсетті. Кеш соңында  гимназия директоры Мария Абдукадырқызы түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушыларды кубоктармен марапаттады. Биылғы жылы өз жетістіктерімен биіктен көріне білген 11 сынып оқушысы Турапекова Айым «ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ» атағына ие болды. Жетекшісі Сыздыков Азамат Жанайдарұлы.