Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Жазғы лагерьдегі қызықты шақтар»
20-06-2016 06:51
«Жазғы лагерьдегі қызықты шақтар»

Жадырап жаз келдi. Жаз мезгілін ең алдымен балалар асыға күтедi. Өйткенi бұл санасын сабақтан арылтып, алаңсыз  ойын-сауыққа кенелетін уақыт. Кекiлiн күнге сүйдiрiп, табанын құмға күйдiретiн ойын баласы үшін бұдан асқан қызықты шақ болмас. Сондықтан  балалардың жазғы  уақытын  қызықты, әрі пайдалы өткізу үшін гимназияда «Балдәурен» сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерьде 2 ауысымда 55 оқушыны демалтып,  сауықтыру жоспарлануда. Лагерь тәрбиешілері ең алдымен баланың  танымын, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, қабілеттерін дамытуға, көркем шығармашылық, спорт, саяхат сияқты қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасауды мақсат етті. Күн тәртібіне сай оқушылар күнделікті таңғы жаттығу, 3 мезгіл тамақтану, түскі ұйқы, қаланың мәдени-сауықтыру, шығармашылық мекемелерімен бірлескен түрлі шаралармен қамтылды. Алғашы «Танысу күнінде» балалар түрлі флешмоб, асфальтта сурет салу,  рольдік ойындар, сиқырлы қылқалам сияқты шараларға қатысса, шығармашылық күнінде қолдан түрлі смайликтер жасап, орталықтарын безендірді. Балалардың әрбір күні тақырыпқа сай түрлі ойындар мен танымдық- шығармашылық әрекеттерге толы өтіп отырды. Сонымен қатар оқушылар аптасына 2 рет  жазғы ағылшын  орталығына барып, тілдерін жетілдіріп, түрлі  қойылымдар дайындады.  Мектеп кітапханасында да қызықты шаралар өткізіліп, «үздік оқырман», «ертегілер сыр шертеді» танымдық байқаулары  балалардың көңілінен шыға білді. Қалалық  хауызда оқушыларды жүзуге үйрету, қолдан жасалған массажды кілемшелердегі жаттығу, гимнастика бөлмесінде жаттығулар жасау - балалардың денсаулығын нығайтуға, салауаттылыққа баулуға үлкен септігін тигізуде. «Балдәурен» лагерінде мектеп психологы балалардың дұрыс қарым-қатынасын, жаңа ұжымға бейімделуін және бір-біріне деген қамқорлығын, сыйластығын қалыптастыру үшін  қызықты тренингтер мен шеберлік жаттығуларын өткізе, спортнұсқаушы ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар, хореограф флешмоб пен қозғалмалы ойындар ұйымдастыруда. Алдағы уақытта балалар жас натуралистер орталығына, өлкетану мұражайына саяхат жасау жоспарлануда.

Лагерь басшысы:  Жұлдыз Базарбаева