Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
05-08-2016 05:29
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

Ағымдағы жылы акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25-жылдығына орай  «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранымен өтеді. 
Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
2016 жылы акция шеңберінде дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда, компьютерлік клубтарда «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралар өткізіледі. «Бақытты балалық шақ мекені»,  «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.                                                                                                       Егер Сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, тіленші, панасыз қалған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтермен хабардар болсаңыз, 8 (7182) 32-12-42 балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің шұғыл желі телефонына немесе гимназияның қабылдау бөліміне 6-42-94 нөмеріне хабарлауыңызды сұраймыз.