Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қарты бар ел – қазыналы ел.
27-09-2016 09:08

 «Ауылыңның  маңында  төбе болса,  ерттеулі   тұрған  атпен тең. Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса,жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің бабаларымыз. Иә, өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес. Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт сақшысы  бола білген,  самайларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

Қарттар - дүниедегі ең мейірімді әрі құрметті жандар.Қазақ қарты  жа­сы­на лайық ауы­зы ду­а­лы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты  ойы терең ақылы те­ле­гей теңіз бо­лып келеді. Халқымызда үлкендерге құрмет көрсету -  ата заманынан келе жатқан әдет.Себебі ата-әжелеріміз көпті көрген,өмірдің тәттісі мен ащысын сезіне білген адамдар. Міне осын­дай теңеуге лайық қарияларды жылдың қай мезгілі бол­са да құрметтеуіміз ке­рек.

Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін де ата-әжелеріміз. Себебі қарттарымыз балдырғанға нағыз ұлттық тәрбие бере алады.Әже мен не­ме­ре арасындағы туыстық бай­ла­ныс өте нәзік әрі берік. Ал­ды­мен әже тәрбиесі арқылы ба­ла жақсы-жа­ман­ды ажы­ра­тып, үлкен-кішіні та­ни бас­тай­ды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, ба­ла үй ша­руа­сы­на бейім, ел­ге­зек, тілалғыш, мейірімді бо­лып өседі. Әженің ба­у­ы­рын­да өскен балаға жұрт "тәрбиелі ба­ла" де­ген баға береді. Мысалға айтатын болсақ, Абай атамыздың данагөй болып өсуіне ерекше көңіл бөлген Зере әжесі. Зере әже Абайға жастайынан қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін үйретіп,әңгімелегенін біз жақсы білеміз .Мұндай мысалдардың көптігінен бәріміз де хабардармыз.

Қарттар әрдайым балалары мен немерелерінің қамын ойлауда болады.Өйткені осы жандарға, балалары басты байлық болып саналады.  Қазіргі кезде  қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты  қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.  Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Сол арқылы біз қарттарға әманда қамқор бола білуіміз керек дей отыра, қарияларымызды Халықаралық Қарттар мерекесімен шын балалық жүрегімізден құттықтаймыз! Сыр бермес денсаулық,ұзақ өмір, көп жылғы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер!