Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Жүрегім толы мейірім» - қайырымдылық акциясы
25-10-2016 04:50

Білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын  тәрбиелеуде -біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құрудың маңызы зор. Ақсу қаласының  дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы ұжымы  рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектептің біртұтас педагогикалық процесіне кірігуін жүзеге асыру мақсатында ата-аналар қауымымен «Жүрегім толы мейірім» - қайырымдылық акциясын өткізді. Акция мақсаты қорғансызға қамқор болу, тағдырдың жазғанымен жаралы болғандарға жәрдем беруді насихаттай отырып, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ізгілік, қамқорлық сияқты қасиеттерді дамыту. Шараның негізгі ұйымдастырушылары гимназия психологы Н.Т.Шаймарданова  мен 5 «ә»- сынып жетекшісі М.К.Сыздыкова. Олар күнделікті тірліктің шырғалаңында қалып бара жатқан халқымыздың ізгі қасиеттерінің бірі болып табылатын қайырымдылық пен жанашырлық қасиеттері туралы ата-аналар мен оқушылардың түсініктерін кеңейте отырып, өзгенің өміріндегі қиыншылыққа немқұрайлы болмауға, мүмкіндігінше көмек көрсетуге, қайырымдылық жасауға атсалысуға тәрбиеледі, оның мүмкін екенін және қажеттілігін сезіндіруге тырысты. Оқушылар мен ата-аналар Ақсу қаласында тұратын көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасы шаңырағына барып,  материалдық, моральдық көмек көрсетті.Отбасындағы 4 баланың 2-і мектеп жасында, ал 2-і  мектепке дейінгі жаста екен. Балаларды анасы жалғыз тәрбиелеуде. Оған өз анасы шама шарқынша көмектесуде, қолдарында мүгедек  әкесі бар. Тұратын пәтерлерін жалға алып тұрады екен. Азық-түлік, киім-кешектерін арқалап барған  оқушылар,отбасының қиын жағдайын көріп, көздеріне жас үйірілді. Әрине анасына жақсы сөздер, тілектер айтып, жанашырлық танытты. Ары қарай да отбасына  қамқорлық жасап, көмектесіп тұруды өздеріне міндет санады.Осындай қиын жағдайда қалған отбасыларға қолдау көрсетіп, қайырымды іс жасауға  оқушыларды бала күнінен баулу-болашақ ұрпақты мейірімді азамат етіп қалыптастыратыны анық.       

директордың орынбасары: Г.Бакирбекова