Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» - адамгершілік-рухани құндылықтарда
04-11-2016 09:54

Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі  100 нақты қадамын жүзеге асырылуда. Осы жоспардың 89 қадамында «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ» деп көрсетілген. Мәңгілік ел ұлттық идеясының басты мақсаты - тәуелсіздікті сақтап қалу, басқа мемлекеттермен терезесі тең болу. Оған жетудің бірден-бір жолы келісім. Ендеше педагогтердің оқушылар санасына мәңгілік адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруы- нақты қадамдарды жүзеге асырумен тең. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір маңызды бағыты - ата-аналар қауымына жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын ашу. Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында 21 қазан күні  «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» атты ата-аналар семинары өтті. Семинар барысында ата-аналар «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздемесімен  таныса отырып, отбасындағы тәрбие барысында жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығына үңілді. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастыру туралы ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибесінен мысалдар келтірді. Отырыс барысында ата-аналар ұлы ойшылдар Шәкәрім, Абайдың даналық  сөздерін талдай отырып, өмірмен ұштастыруға тырысты... Психолог тарапынан ата-аналарға  «Адалдық табиғаты» әдісін қолдана отырып, отбасында қолдануға ұсыныс білдірді.Оның идеясы: отбасы мүшелері бір-біріне адалдықтарын, сүйіспеншіліктерін білдіру мақсатында жиі-жиі құшақтасуға келіседі.