Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Ұлттық валюта күніне орай өткізілген шаралар
30-11-2016 11:52
Ұлттық валюта күніне орай өткізілген шаралар

Ұлттық валюта күніне орай гимназияда «Тенге-Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы», «Ұлттық теңге – мақтанышымыз», «Ұлттық теңге тарихы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Шара барысында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты.Банкноттар мен монеталардың фабрикада, Монета сарайында шығарылу технологиясымен, теңгенің даму тарихы туралы бейнефильмді тамашалды. Орта буын оқушылары ұлттық тенге  туралы  тарихи деректерге көп мән беріп, теңге сөзінің шығуы, ежелгі ақшалар мен монеталдар туралы ізденіс жұмысымен айналысты, ақпараттарды оқып   топпен талдап,  пікірлерін ортаға салып жұмыс жасаса, жоғары сынып оқушылары интерактивті дәріске қатысты. Дәрістен кейін оқушылар арасында шағын викторина өткізілді. Кітапханада ұлттық валютамызға арналған көрме ұйымдастырылды.