Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз»
16-12-2016 14:47
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз»

Гимназияда желтоқсанның 9-ы күні 5а-5ә сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты сайыс өтті. Сайыс  6 кезеңнен тұрды.  Ең бірінші  «Кел, танысайық!» кезеңінде оқушылар өз топтарын, ұранын таныстырды. Кейін «Тарихи викторина» кезеңінде топтарға 5 сұрақтан берілді. Келесі «Тұлғаны тап!» тапсырмасында әр топқа конвертте жасырылған тарихи тұлғалар беріліп,  сол тұлғаларға сипаттама беру керек еді. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Абылайхан, Жәнібек пен Керей хандар, Қаныш Сәтбаев, Ыбырай Алтынсарин т.б. Оқушылар бұл тапсырманы өте жақсы орындап, өздерінің білімдерін көрсете білді. «Кім жылдам?» кезеңінде топтардың  капитандары сайысты. Олар 1 минуттың ішінде еліміздің тарихы, әдебиеті, тарихи тұлғалары, жетістіктері тралы 10 сауалға жауап берді. Ал топтарға Қазақстан туралы нақыл сөздер жасырылған сөзжұмбақтар таратылды.  Ең соңғы сайыс «Болашақ» деп аталды. Әр топ «Қазақстанды енді 25 жылдан кейін қалай елестетесіңдер?» деген сауалға коллаж жасап қорғады. Осы кезеңде оқушылар өздерінінң шағырмашылығы мен қиялын тамаша көрсете білді. Жасаған коллаждарында оқушылар экология, білім,  мәдениет және ақпараттық технология мәселесіне көп көңіл бөлген. Сайыс қорытындысы бойынша  «Дарын» тобы 73 ұпайды қанжығаларына байлап,  жеңіске жетті.  Әр топ мақтау грамоталарымен марапатталды.