Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңа жылдық қызықтар
30-12-2016 08:52
Жаңа жылдық қызықтар

Жаңа жылдық шыршаға  арналған  мерекелік шаралар  мектебімізде 27-29 желтоқсан күндері өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары «Мадагаскар» ертегісі кейіпкерлерімен бірге  сайыстарға қатысып, шыршаны айнала әсем ән мен  түрлі би билеп,  Аяз атаның сыйлықтарын алды. Ал 5-7 сынып оқушыларына арналған шыршада сыныптар түрлі жанрда құттықтаулар айтып, жаңа жыл, пинокио басқа да кейіпкерлермен түрлі ойындар ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды. Жоғары сынып оқушыларының шыршасы Гарри Поттер фильмінің желісімен, сиқыршылар мектебінің оқушылары стилінде өтті. Мерекеге қатысқан сыныптар сол кездің бейнесінде түрлі сиқырлар көрсету, өз мектебінінң тарихын таныстыру, жауыздармен күресу, Гарриге көмектесу сияқты бірнеше кезеңдерді   көрсетті. Мереке соңында өнерімен ерекшеленгендер  Аяз атаның тәтті сыйлықтарымен марапатталды.