Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Мектепішілік «Үздік сынып жетекші - 2017» байқауы
16-01-2017 10:53

Өткізілу уақыты: 6.02-18.02.2017ж

Байқау мақсаты:  сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру,  оқушыларды тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін анықтау, шығармашыл сынып жетекшілерді қолдау.

Ережелері:

Байқауға  гимназияның 5-10 сынып жетекшілері қатысады. Байқау 3 кезеңнен тұрады.   І кезеңде сынып жетекшілер өз сыныбымен  сыныптан тыс іс-шара  өткізеді. (іскерлік ойыны, тәрбие сағаты, дөңгелек үстел , пікірталас , конференцият.с.с).   Іс-шара тақырыбын ұсынылған тақырыптардан не  тәрбие   жоспарының бағыттарына сәйкес таңдайды. Сыныптан тыс іс-шара 40-50 минут аралығында өтуі керек. Іс-шарадан кейін сынып жетекшінің шараға өзіндік талдауы өткізіледі.

ІІ кезең  сырттай өткізіледі. Сынып жетекшілер  - «Менің сыныбым» атты  жарнамалық  буклет  (форматы А 4-1,2 бет, түрлі -түсті, сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын, сынып дәстүрлерін, ерекшелігін т.б көрсету) және  сыныптан тыс өткізілген шаралардың,ата-аналар жиналысының әзірлемесінен тұратын әдістемелік жинақты тапсырады  (қағаз түрінде және электронды түрде)тапсырады. Әдістемелік жинаққа  тек өздері өткізген әзірлемелер кіруі керек. Мерзімі:11.02.2017 ж. дейін

ІІІ кезең- қорытынды кезең. 18 ақпан күні өтеді.  Бұл кезеңде байқауға қатысушылар сыныбымен «Сынып жетекшінің сыныптағы өмірінен бір күн“ тақырыбында  қойылым көрсетіп,түрлі сұрақтарға жауап беру, педагогикалық жағдаяттарды шешу сияқты тапсырмалар орындайды.Қойылымға 5-7 минут беріледі.

Қорытынды кезең барысында сынып жанкүйерлерінің  ерекше қолдау көрсетуі де ескеріледі.

Байқау ашық түрде өтеді. Байқау барысында өткізілетін шараларға барлығы қатыса алады ( ата-аналар, пән мұғалімдері, үйірме жетекшілері ) 

Байқау жеңімпаздары  3 кезеңнің қорытындысы бойынша  анықталып марапатталады.