Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі
31-01-2017 10:51
Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі

23-28.01.2017 ж. гимназияда «Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі» апталығы өткізілді. Апталық аясында 8-10 сыныптармен  көптілділік олимпиада,  5-8 сыныптар арасында «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» шығармалар байқауы, «Әлем тізгіні- білімділер қолында» интеллектуалдық ойын өтті.

Бастауыш сынып оқушыларымен «Үш тілдің патшалығы» тақырыбында ертеңгілік болды. Апталық барысында  «Үш тілде оқыту экспериментінің талаптарына бейімделу жағдайы» атты педконсилиум, «Үштілді білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектептердің, Ақсу қаласының мектептерінің  мұғалімдері мен оқу ісінің меңгерушілері қатысты.  Семинар барысында ағылшын тілінде биология пәнінен (мұғалімі Муханова У.К.), физика пәнінен (мұғалімі Кабылбекова А.С.), химия пәнінен (мұғалімі Абраева Д.Е.) ашық сабақтар,  информатика мен ағылшын тілі пәндерінен (мұғалімі Абылгазина Э.Т, Сыздыкова М.К.) кіріктірілген сабақ көрсетілді.  «Ғасыр ақыны - Мұқағали» тақырыбында үш тілде әдеби-сазды кеш,  «Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі»  атты  коучинг өтті. Семинар өте мазмұнды, жоғары деңгейде өтті, келген ұстаздар үлкен әсер алды.