Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді
27-02-2017 07:51
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді

Гимназиямызда екі апта бойы «Ең үздік сынып жетекші» байқауы өтті. Байқау мақсаты   сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру, оқушыларды тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін анықтау, шығармашыл сынып жетекшілерді қолдау болатын. Байқауға қатысушы 5-10 сынып жетекшілері І кезеңінде сыныптан тыс  іс-шара  өткізсе, ІІ кезеңде сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын насихаттайтын «Менің сыныбым» атты  жарнамалық  буклет  пен сыныптан тыс өткізілген шаралардың  әзірлемесінен тұратын әдістемелік жинақты  қорғады. Ал ІІ қорытынды кезең мәжіліс залында салтанатты түрде өтті. Әрбір қатысушы сыныбымен «Сынып жетекшінің сыныптағы өмірінен бір күн“ тақырыбында  қойылым көрсету, түрлі сұрақтарға жауап беру, педагогикалық жағдаяттарды шешу сияқты шығармашылық тапсырмалар орындайды. Қатысушылар өз сыныбымен атқарылып жатқан тәрбие жұмысын шығармашылықпен, тапқырлықпен, әзілмен көрсете білді. Осы байқау барысында әрбір сынып жұдырықтай жұмыла бірігіп, өз белсенділіктері мен ұйымшылдықтарын танытты. Байқау нәтижесінде келесі сынып жетекшілер:  Сыздыкова М.К. «Ең тартымды сынып жетекші», Муканова Б.Қ .«Шығармашыл сынып жетекші», Абраева Д.Е. «Тапқыр сынып жетекші», Альдекенова А.Т. «Еңбекқор сынып жетекші» номинацияларымен марапатталса, Абылгазина Э.Т. ІІІ орын, Тулеубаева К.Б. ІІ орын,  Нургалиева Д.А.  І орын, Нургалиева С.Е. «жеңімпаз» атағын иеленді. Барлық қаысушылар  дипломмен  және сыйлықтармен марапатталды.