Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қош келдің әз-Наурыз
21-03-2017 06:30
Қош келдің әз-Наурыз

Мектебімізде  жаңа жыл  Наурыз мерекесіне орай  дүбірлі мерекелік шара өткізілді. 5-11 сынып оқушылары мерекелік шарада  Наурыздың тойлану ерекшеліктері туралы, салт-дәстүрлері туралы айтып көрсетті. Әсіресе 10 сынып оқушыларының «Ұйқы ашар, селт еткізер» дәстүрі, 7 сыныптардың қыздар мен ұлдар  айтысы, 6- сыныптың ұлттық ойындары көпшілік көңілінен шықты. Тойдың сәнін 5 сыныптың ән мен биі, 8«ә»-9 сынып қыздарының ұлттық сән үлгісі келтіріп, шашу шашылып, құрт-бауырсық, көже таратылды.

Ал 1-4 сынып оқушылары «шырақ жағу, үйді аластау, көк отырғызу, ақ бүркеу, көрісу» дәстүрлерін тамаша көрсетті. Бұл шараларға ата-аналардың да белсене атсалысқаны қуантады. Сыныптарда жалғасқан мерекелік дастархан басында әжелеріміз «бесікке салу, ат қою, тұсау кесу дәстүрлерін» көрсетіп, оқушылар ұлттық ойындар ойнап, асық атысудан жарысты.  Мерекелік шаралар әнмен, бимен, қолөнер көрмесімен жалғасын тапты.