Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Адал ұрпақ» клубы жұмысы
27-04-2017 09:57
«Адал ұрпақ» клубы жұмысы

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы   мәдениетін  қалыптастыру жоспарына сәйкес  «Адал ұрпақ» клубы мүшелері 22 сәуірде  бастауыш сынып оқушылары арасында «Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой»  атты  байқау ұйымдастырды. Оның мақсаты оқушылардың бойында еңбек етуге деген талпынысты ояту, оның маңызын ашу болатын. Байқау барысында оқушылар адал еңбек ету, еңбектің жемісін көру, қайырымдылық жасау тақырыбында  көрініс  көрсетіп, еңбек туралы мақал жарысқа қатысты.  Сондай-ақ, «Адал еңбек-өмірдің мәні» тақырыбында жазған үздік шығармаларын оқыды. Оқушылар  қойған көріністерінде бір-біріне көмек беру, қайырымдылық жасау, ата-ана еңбегін бағалау, еңбек етіп табыс табу тақырыптарын тамаша аша білді. Ал мақал жарыста ең үздік болып 3 «ә» сынып оқушысы Абылай Әділет атанды. Әділ-қазылар жеңімпаз сыныптар мен жекелей оқушыларды дипломмен марапаттады.