Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Тиін. Ана тілі пәнінен 1-сыныпта ашық сабақ.
11-05-2013 09:24
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Тиін. Ана  тілі пәнінен 1-сыныпта ашық сабақ.

Ана  тілі   1 – сынып.

Ахметова Меруерт Айтымқызы,  Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың   тақырыбы:Жуан  және  жіңішке  айтылатын  сөздер. Тиін.А.Синявский.

Сабақтың  мақсаты: 1.Білімділігі:оқушылардың жуан және жіңішке дыбыстар туралы білімдерін кеңейту, сөздегі дауысты дыбысқа байланысты жуан және жіңішке сөздердің айтылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс түсініп оқуға төселдіру.2. Дамытушылығы: ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды , тапқырлықты шығармашылықты дамыту.3. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

І.  Бағдарлау  - мотивациялық  кезең.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ  пейілді  тілекпен.

Амандасып  алайық,

Біз жадырап  қалайық.

Психологиялық  жаттығу.

Әрбір  адам - туысым,досым, жұрағат,

Әрбір  сабақ - үйрену, ұғу,ұлағат.

Әрбір  сөзің – шыңдық, бірлік,  адамдық,

Әрбір  ісің – тілек, тірлік, адалдық.

2. Өткенді  пысықтау.Оқушылар   сұрақ - жауап  әдісі  бойынша өздерінің  білімдерін   тексереді.

-   Қазақ  алфавитінде  неше  әріп  бар?  Неше  дыбыс  және  таңба  бар?

Дыбыс  деген  не?

-   Әріп  деген  не?

-   Дыбыс  нешеге  бөлінеді?

-   Дауысты  дыбыстарды  ата. 15

-   Дауыссыз  дыбыстарды  ата. 25

-  Олардың  айырмашылығы  кандай?

-  Дауысты  дыбыстар  туралы  не  білеміз?

 -  Олар  нешеге  бөлінеді?   Ережені  еске  түсір.

-  «Кыс»  сөзіне  дыбыстық  талдау  жаса.

ІІ.Операционалдық- орындаушылық  кезең.

3.Жаңа  сабақ .  Қызығушылықты  ояту.

Жұмбақ  шешу.

Бұтақтарға  секіріп,

Әр  жерден  қылт  етеді.

Кейде жаңғақ  кеміріп,

Жоғарылап  кетеді.    \ тиін\

Ой  қозғау.

-         Тиін   туралы  өздерің  не  білесіңдер ?

Қосымша  мәлімет:Тиіндер (лат. Sciurus) — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы. Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40-тан астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) бар. Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды.  Жылына 2 рет (әр жолы 3 – 10) балалайды. Тиіндер терісі үшін ауланады.[1]

4. Оқулықпен  жұмыс.

1. Мұғалімнің   мәтінді  оқуы.

2. Оқушылардың  кезекпен  оқуы.

3. Мәтіннің  мазмұны  бойынша  сұрақтар:

4.Сөздік  жұмысы.

5.Тауып  оқу.

5. Сергіту  сәті:

Мен  тиінмін, тиінмін,

Қысқа  жылы  киіндім.

Қоймам  толы  жаңғаққа

Іші  жылы  үйімнің.