Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Коучинг «Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі»
29-01-2017 06:39
Коучинг «Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі»

 

Коучинг  жоспары

Өткізген:

Тақырыбы:

Заман  талабына  сай білім  беру бағыттарының тиімділігі 

Мақсаты:

Коучинг барысында заман  талабына  сай білім  беру бағыттарының тиімділігін  анықтау

Оқыту нәтижесі:

Коучинг барысында   заман  талабына  сай білім  беру бағыттарының тиімділігін  анықтайды

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, www.cpm.kz

Дереккөздер:

Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психолог. Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру.  Ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау үшін коучинг өтетін кабинет алдын ала дайындалады, мұғалімдермен «Әліпби» ойын ойнатылады, топқа бөлу үшін түрлі-тісті қарындаштар таратылады

Мұғалімдер демалып, «Әліпби» ойынын ойнай отырып, бір-бірімен танысады

1-ші коуч.

Тақырыпқа шығу: Коучинг басында топтарға сұрақ: Слайдтарға назар аударыңыз!  Суреттер қандай ассоциация тудырады? Қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырыбымыз қандай?

Осы пікірлерден тақырыпқа шығу. Мақсат қою.

Пікір алмасу арқылы тақырыпқа шығады, мақсат қояды

Білу.Түсіну.

«Қарындаштың 5 қыры» әңгімесін талдау.
Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:
- Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз ғой, иә? – деп сұрайды.
- Ия, сен дәл таптың, мен сен туралы жазып отырмын.
Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды. Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.

Әңгімені тыңдайды, түсінеді

Қолдану. Талдау.

Баланың қарындаштан таппаған қасиеттерін бірге табайық?

  Талдау «Ойлан, жұптас, бөліс»  әдісі арқылы жүзеге асады

Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.

1-ші топ постер қоғайды,

2-ші топ қарындашқа жарнама жасайды,

3-ші топ ертегі құрастырады,

4-ші топ ТВ-шоу ұымдастырады

Топтар  жұмыстарды «Аквариум» әдісі арқылы қорғайды, тыңдаушылар  топтың жұмысын «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

2-ші коуч. Жинақтау. Әңгімені жалғастырады.

Әжесі: - Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар. Ол саған өміріңе қажет болады, - дейді.

Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен, ол сенің жол сілтеушің,- дейді.

Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді, бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады......... астары: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.

Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің....... астары: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу - барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.

Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді........ астары: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.

Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астары: сен де карындаш сияқты өз іс - әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,- дейді.Қорғау жұмыстары аяқталған соң,  қорытынды жасалынады.

Қорытындылайды.

Қорытынды жасайды

Топты жалпылама бағалау жасау үшін «Бас бармақ» әдісі қолданылады

«Бас бармақ» әдісімен істелген жұмыстарды бағалау

Бағалау.  Коучингті бағалау үшін Синквейн, 2 жұлдыз, бір тілек, Сәндвич, «Ым-шара»