Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы, ұрпақтың жаңғыруы
17-09-2017 09:50
Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы, ұрпақтың жаңғыруы

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында патриотизм туған жеріңе, ауылыңа, қалаңа, өскен өлкеңе деген ыстық махаббатыңнан басталады деп айтқан болатын. Осыған орай 15 қыркүйек күні шағын ауылдар мен ірі қалаларды қамтитын жалпыреспубликалық «Рухани жаңғыру» жастар акциясы бастау алды. Акцияның басты мақсаты рухани жаңғыру бағытында жасалынып жатқан жұмыстарға жастарды белсенді қатысуға шақыру.

Сағат 12.00-де Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументінде басталған акциядан гимназия шәкірттері де қапы қалмады. Жалпы акцияға барлығы Ақсу қаласының мектептері мен колледждерінен 200-ге тарта бала қатысып, бір мезетте патриоттық әндерге флешмоб биін ұйымдастырды.

Аталған акция жалпы барлық облыс, аудан, ауылдарда: «Білім», «Асар», «Тағзым», «Өнер» атты төрт бағыт бойынша 1 апта бойы жалғасын табатын болады.

Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады".Елбасы мақаласындағы бұл сөздер ұлттық болмысты сақтаудың маңызды екенін алға тартады. Ұлттық кодтты, генетикалық жадыны сақтап қалу өте маңызды. Өйткені болмысын сақтамаған, білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Ал, болашақ деген бүгінгі ұрпақ. Сондықтан да Елбасы бағдарламасын орындауда бұл бағдарламаның атқаратын қызметі мен атқаратын рөлі өте зор.

Алтынбек Мақсатхан