Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Әнші балапан» сайысында гимназия жеңіс тұғырынан көрінді
23-09-2017 16:29
«Әнші балапан» сайысында гимназия жеңіс тұғырынан көрінді

Ақсу қаласында өнерлі өрендердің талантын шыңдау, шығармашыл жас буынды елге таныстыру мақсатында «Әнші балапан» сайысы өтті. Жас өнерпаздар балалық шақты әнге арқау етіп өнерлерін ортаға салды. № 2 мектепте өткен қалалық байқауда Ақсу қаласы және Ақсу ауылдық аймақтық мектептерінің жас таланттары бақ сынады.

Шараны Ақсу қаласының Ішкі саясаты бөлімі «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Гүлнәр Құмарханқызы құттықтау сөзімен ашып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындауда ұлттық өнерімізді әспеттейтін бұндай байқаулардың алар орны ерекше деп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. «Дәстүрлі ән» және «Аспата ойнау» номинациялары бойынша өткен сайысқа біздің гимназиямыздың  Гүлжанат Солтанова жетекшілік жасайтын «Мұрагер» ансамбльін үкілеп қосқан болатын. Бүлдіршіндердің өнерін саралайтын әділқазылар алқасы сайыскерлерге сахнада өзін - өзін ұстауы, дауыс ырғағы, әртістік және әнді орындау шеберлігі, киім үлгісі сынды талаптарымен бағалады. Нәтижесінде «Сал күрең» күйін нақышына келтіріп орындаған гимназияның шәкірттері І орынға қол жеткізсе, жекелей орындауында «Гүлдерайым» әнін тамылжыта шырқаған Қайыржанова Аида ІІ орынға ие болды.

Періште пейілді бүлдіршіндер бұл күні халықтың ыстық ықылысасы мен қызу қошеметіне бөленді. Ұйымдастырушылар балалардың болашағына жол ашатын осындай байқаулардың орны ерекше екенін айтып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.