Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназияда «Сұлтанмахмұт оқулары» өтті
24-09-2017 16:39
Гимназияда «Сұлтанмахмұт оқулары» өтті

Биыл «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» деп жырлап, небәрі 27 жыл ғұмыр кешсе де, өлмейтін өлең өшпейтін із қалдырған Алаш арысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы. Осыған орай гимназия қабырғасында «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты Сұлтанмахмұт оқулары ұйымдастырылды. Сайыс мақсаты Сұлтанмахмұт шығармашылығын насихаттап, атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке,оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштау, жаңа есімдерді анықтау және ынталандыру.

Сұлтанмахмұт өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақынға арнау өлеңдер шығару (мүшәйра) және Сұлтанмахмұт шығармашылығының философиясына арналған эссе жазу сияқты үш номинацияда өткен сөз зергерлерінің сайысына әр сыныптан іріктелген 25 үміткер бақ сынады. Үш кезеңнен  тұрған байқау өте тартысты  өтті деуге болады. «Сен тұр мен айтайын» деген қатысушылар  арасынан үздікті  анықтау  оңай болмады. Дегенмен, қазылар алқасы байқау болғаннан кейін жеңімпаздың болатынын тілге тиек етіп, бағы жанғандардың аты-жөнін анықтады.

Сонымен, «Сұлтанмахмұт оқуларының» қорытындысы келесідей болды. «Ақтармын оқып-жетіп адам атын» номинациясы бойынша І орын – 8 «ә» сынып оқушысы Хаманай Асхатқа, бұйырса, ІІ орын – 5 сынып оқушысы Шайфуллина Анель, ІІІ орын – 6 «а» сынып оқушысы Ералиева Ақбота мен 8 «а» сынып оқушысы Мағзұмова Айшабибіге бұйырды. «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» жас ақындар мүшәйрасында І орын – 7сынып оқушысы Бердембекқызы Әминаға, ІІ орын – 7 сынып оқушысы Садыбекова Жандосқа, ІІІ орын – Сайыпова Әсемге бұйырды. «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» номинациясы бойынша І орынды – Шакбекова Даянаға еншілесе, ІІ орын - 8 «ә» сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл, ІІІ орын – 9 «ә» сынып оқушысы Жомарт Ақтотыға бұйырды.

Барлық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарға жүлделері алған асуының алды, шыққан биігінің басы болсын дегіміз келеді!

Алтынбек Мақсатхан

аға тәлімгер