Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Жылдың үздік психологі» облыстық конкурсының жеңімпазы
15-10-2017 07:16
«Жылдың  үздік психологі» облыстық конкурсының жеңімпазы

2017 жылғы 10 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурсқа  облысымыздың 44 психологі қатысты, оның ішінде 22 адам  – үш қаладан (Павлодар  қаласынан – 15, Ақсу қаласынан – 3, Екібастұз қаласынан – 4), аудандардан – 20, мамандандырылған мектептерден – 2 адам.

Қатысушылар кәсіби шеберлік пен инновациялық технологияларды меңгерудің практикалық деңгейін көрсетті. Конкурс қорытындысы бойынша гимназияның психологі Шаймарданова Назигуль Тусуповна І орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2017 жылғы 1-3 қараша күндері Алматы қаласында өтетін республикалық конкурста Павлодар облысын қорғайтын болады.