Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Балауса" - облыстағы үздік оқушылар газеті
10-11-2017 12:21

2017 жылдың 9 қараша күні Білім басқарамасының ұйымдастыруымен М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналисттер фестивалі өтті. 
Журналистикаға қабілеттері бар, балалар және жас өспірімдер газеттерінің өкілдерінің басын қосқан байқауға біздің гимназияның "Балауса" мектеп газетінің тілшілері де қатысып, талаптарын таразыға салды. Байқау нәтижесі бойынша "Балауса" газеті ұжымы І орынды жеңіп алып, облыстағы үздік мектеп газеті атанды. "Балаусаның" жас тілшілері 9 сынып оқушылары Данкина Алима, Жұмабаева Дильнара, Рамазанова Аяулым және Жомарт Ақтоты.
Фестиваль бағдарламасы барысында облыстық Халық радиосына, «Казахстан–Павлодар», «Баспа үйі» типографиясында, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында, Жастар бастамаларын қолдау орталығында экскурссиялар ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының жас тілшілері «СМИ уходят в Интернет» атты ток-шоу жүргізді. Телешоуда Павлодар облысының атақты журналистері Юрий Поминов, Фёдор Ковалёв, Елена Вайберт болды. "Балауса" газетінің ұжымын және шәкірттерімізді толағай табысымен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз қарымды болғай!