Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«ЕНШІ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
07-12-2017 16:25
«ЕНШІ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай гимназияда «Енші» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім екені мәлім. Бұл сайыста «Оқушылар» командасы мен «Ұстаздар» командасы ой-санасын сынға салды.

Оқушылар командасы  11 сынып оқушысы, тарих пәнінен олимпиада жүлдегері Боранбай Бихан бастаған топтан құралса, «Ұстаздар» командасын үздік ұстаздарымыздың бірі Анар Толбайқызы бастады. Зияткер, Капитандар сайысы, Зерде, Көмбе деген 4 кезеңнен құралған сайыстың екі кезеңі бойынша ұстаздар командасы алда келе жатқанымен, соңғы екі кезеңде оқушыларға есе жіберіп қойды. 1 жарым сағатқа созылған тартысты ойында «Еншісін» тақымдарына мықтап қысқан «Оқушылар» командасы жеңіске жетті. Осы арқылы шәкірт ұстаздан озса, ол ұстаздың ұлығы дегенге куә болғандаймыз.

Сөз соңында қазылар алқасының төрағасы Гүлбану Бәкірбекқызы сөз алып, жеңімпаздарды естелік кубогымен және дипломдармен марапаттады.

Ақсу қаласы дарынды балаларға

 арналған гимназиясының мұғалімі

Алтынбек Мақсатхан