Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жас ақындар айтысының жеңімпазы
14-12-2017 10:23
Жас ақындар айтысының жеңімпазы

Павлодар қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты облыстық жастар айтысы өтті. Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған жыр додасына біздің мектебіміздің аға тәлімгері Мақсатхан Алтынбек қатысып, қазылар алқасының шешімімен І орынға ие болды. Сонымен қатар Алтынбекке бағалы сыйлық ноутбук табыс етілді.  Алтынбекті шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!  

Облыстық жас ақындар айтысын қадірлі меймандар тамашалады. Олардың қатарында танымал ақын, әдебиет порталының редакторы Бауыржан Қарағызұлы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Ұларбек Нұрғалым, танымал ақын, жыршы Ықылас Ожай, әнші, 2016 жылғы «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролла және дәстүрлі әнші, бірнеше республикалық дәстүрлі ән байқауының жеңімпазы, «Мен қазақпын» мега жобасының қатысушысы Шерікбай Өзгеріс бар.