Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Ең үздік бастауыш сынып жетекшісі - 2018" мектепішілік байқауының қорытындысы
01-03-2018 19:30

24-ақпан күні гимназияның мəжіліс залында "Ең үздік бастауыш сынып жетекшісі - 2018 " байқауы өтті. Бастауыш сынып жетекшілері барлық шығармашылығы мен білігін, шеберлігі мен қабілетін ортаға салды. Кішкентай бүлдіршіндер сынып жетекшілерін əнмен, бимен, бейнефильм арқылы таныстырып өтті. Ата аналардың ұйымдастыруымен ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме де ұсынылды.Байқауда сынып жетекшілеріміздің бірі дəн сепкен диқан, бірі гүл екен бағбан, əртіс, мың бұралған биші ролінде де бола білді. Сайыс қорытындысы бойынша Жақсыбекова Меруерт Жеңісқызы - жаңашыл сынып жетекші, Нахметова Əсел Назымбекқызы -креативті сынып жетекші, Омарова Алмагүл Райымбекқызы - шығармашыл сынып жетекші, Елубаева Мария Сейсенқызы - білікті сынып жетекші номинациясы бойынша марапаталса, "Үздік сынып жетекші 2018" атағын Аубакирова Ақмарал Имантахуовна иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз.