Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы.
24-05-2013 09:45

Мақсаты:  Білімдік

·        Жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру жылдарындағы   ауыл шаруашыдығына сипаттама бере отырып, осы саясаттың қазақ халқының тағдырына , оның ауыл шарушылығына тигізген кері әсері, орын толмас қайғы-қасіреті жайлы білімдерін толықтыру:

                 Дамытушыдық

·        Негізгі оқиғаларды анықтау, оны жадында сақтау, салыстыру, логикалық ойлау абілеттерін дамыту;

              Тәрбиелік

·        Аға ұрпаққа құрмет, Отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;

Керекті:Интербелсенді тақта, телевизор – видео фильм: «Ұлы жұт», қосымша құжаттар

Барысы:І Ұйымдастыру сәті

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау (Интербелсенді тақтада берілген тапсырмаларды орындау)

І.Тапсырма:1917 ж көктем мен жаз айларындағы қоғамдық-саяси өмір. (Дұрыс жауаптың астын сызу)

1.Ақпан төңкерісінен кейін елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқан қазақ зиялылары:  С. Сейфуллин, М, Әуезов, Т. Рысқұлов

                     Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқай

                     Ф. И. Голощекин, Е. Ерназаов, М. Дулатов

2. Қазақстанда саяси ой пікірді дамытуда белсенді әрекеттер жасаған Ресейдің оппозициялық партиялары: кадеттер, большевиктер

                                                анархистер, октябристер

                                                алаш, үш жүз  

3.Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі:

  А. Розыбақиев                Ж. Бабаев                    Ә. Бөкейханов

4. Кадеттер ұйымы жұмысын жандандырған қала:

Семей                       Алматы                 Қызылорда

5.Ә. Бөкейхановтың  кадеттер партиясынан шығу себебі кадеттер жақтады:

тәуелсіз республиканы     конституциялық монархияны          ұлттық автономияны

 ІІ.Тапсырма:    Қазақстанда жастар қозғалыстары мен жастар ұйымдары (Ойды жалғастырып, толықтыру)

1.Қазақ зияыларын қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған университеттер ....

( Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан)

2.Петербург университетін бітірген, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер .... (Ж. Ақбаев)

3.1917 ж қазан төңкерісі қарсаңында жарық көрген М. Дулатұлының жинағы ... ( «Оян, қазақ»)

4.1917ж Ақмолада құрылған қазақ жастарынң ұйымы ... ( «Жас қазақ»)

5. Меркеде құрылған жастар ұйымының жетекшісі ... (Т. Рысқұлов)

6. Қазақ жастары ұйымдарынң мақсаты .... (Өнер, білімді дамыту, ел істеріне араластыру)

ІІІ.Тапсырма:  Алаш қозғалысы (оқиғаларды топтастыру)

І Жалпы қазақ сьезі                                                     ІІ Жалпы қазақ сьезі

Алашорда                                                                    1917ж 21-26 шілде

Орынбор                                                                      қазақ саяси партиясы

Ә. Бөкейханов                                                             мемлекет билеудің түрі  

Уақытша халық кеңесі                                                «Қазақ»газеті

Бағдарлама                                                                   10 бөлім

Орынбор                                                                       Жер және қазына

ІҮ.Тапсырма:Алашорда және кеңес өкіметі (сұрақтың жауабын анықтау)

1.Ұлттық келісім тактикасын жүргізген қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі ? (А. Байтұрсынов)

2. Алаш партиясы қайраткерлері кеңес өкіметі жағына шықты ? (1919 ж наурыз)

3.Алаш арыстарының талап тілектері ескеріліп Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы құрылды ? (1920 қазан)

4.Кеңес ұкіметі құрамына кірген алаш қайраткерлері ? (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов)

ІІ Жаңа сабақты меңгеру барысы:

А. Сыныпты төрт топқа бөлу, әр топтың міндетін түсіндіру:

І топ. Кіріспе – әр берілген тапсырмаға  шолу жасау.

ІІ топ.  Негізгі ой - әр тапсырмадан ҰБТ-да келетін сұрақтарды анықтау.

ІІІ топ. Толықтыру - әр тапсырмаға толықтыру жасау.

ІҮ топ. Қорытынды - әр тапсырманы жинақтап қорытындылау.

Б. Мұғалімнің кіріспесі: :ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл    шарушылығына жалпы шолу

С. І тапсырма:Жаңа экономикалық саясат. Жер-су реформасы. Назар аударатын негізгі мәселелер:

-         Азық түлік салғырты мен азық-түлік салығының айырмашылығы

-         ЖЭСтің мәні 

-         ЖЭСтің қиыншылықтары

-         Жер-су реформасы: қажеттігі, маңызы, нәтижесі

-         ЖЭСтің нәтижесі

Бекіту сұрақтары:

1.     1.РК(б)П Х съезінен кейін енгізілген салық түрі?

2.     Қазақстанды аштық жайлаған жылдар?

3.     Ашыққан халықтың саны?

4.     Жер-су реформасы қашан жүргізілді

5.     Жер-су реформасы бойынша қазақ шаруаларына қайтарылып берілген жерлер?

6.     Жер реформасын тиянақты түрде жүзеге асыру үшін 1921ж. құрылған ұйым?

7.     1928ж. мал саны?

ІІ тапсырма:Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру «Ұлы жұт» фильмін көру және оқулықтағы материалды оқу. Назар аударатын негізгі мәселелер:

-         Ұжымдастырудың принципі

-         Ұжымдастыру мен отырықшыландырудағы бұрмалаушылықтар

-         Ашаршылық

-         Атамекенінен тыс жерлерге қоныс аудару

-         Асыра сілтеу мен зорлық-зомбылыққа қарсы наразылықтар

Бекіту сұрақтары:

1.     Ұжымдастыру саясаты жүрген жылдар?

2.     Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан өлкелік партия ұйымының хатшысы?

3.     1933ж. 1қаңтарында қалған мал саны?

4.     Ашаршылық жылдары қырылған қазақтардың үлесі ? (%)

5.     Республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен қазақ саны ? Қайтып оралғаны ?

6.     Аштық пен оның себептері туралы өлкелік партия ұйымының І хатшысына жазылған хат ?

7.     1933ж. Сталинге хат жазған кім ?

ІІІ Сабақты қорыту:«Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» - оқушылардың ой пікірлері

ІҮ Рефлексия, Бағалау

Ү Үйге тапсырма:$ 16, қосымша деректер