Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

                Қайырмасы:

      Менің елім, менің елім,

      Гүлің болып егілемін,

      Жырың болып төгілемін, елім!

      Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

                Қайырмасы:

      Менің елім, менің елім,

      Гүлің болып егілемін,

      Жырың болып төгілемін, елім!

      Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

 

Ескерту:

1.Ту, Елтаңба, Гимн, рәміз сөздерін тек осы қалпында қолдану керек. Байрақ, нышан, әнұран деген сияқты «синоним» сөздерді қолдануға болмайды.

2. Мемлекеттік Гимнің авторларын жазғанда «сөзі», «әні» деп қысқаша жазбай, «сөзін жазғандар», «әнін жазған» деп толық жазу керек.

3. ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, және олардың бейнелерін, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру Ережесінің 36-тармағына сәйкес Рәміздер бейнелерінің бір деңгейлі орналастырылуының  сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.