Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда120835
Бір айда8250
Бір аптада2730
Кеше464
Тәулік285
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 140
өздігінен білім алу - 95
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 32
электрондық ресурстардан - 10
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 283
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Мен атамды мақтан етемін

Биылғы жылы 9 мамыр күні Ұлы жеңіске 70 жыл толады. Осы жеңіс күнін біздерге сыйлаған – ардагер аталарымыз.

Менің атам, Адамжанов Мұхтар Адамжанұлы 1907 жылы 2 қаңтарда Павлодар облысы Май ауданында дүниеге келген.

1941жылдың тамыз айында Май аудандық әскери комиссариатынан шақыру қағазы келеді. Қызыл Еңбек ауылынан өзінің жүк машинасымен бірге соғысқа аттанады. Сталинград шайқасына қатысып, осы машинасымен оқ, дәрі, снарядтар тасыған. 1943 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін 254 жеке автокөлік транспорты батальонында жүргізуші, ал осы қыркүйек айынан 1945 жылдың желтоқсанына дейін 75 жеке автокөлік транспорты батальонында жүргізушілік  қызмет атқарды.

Әжем Сәруардың айтуымен және 70 жылдардағы газет беттерінде атам туралы көптеген мақалалардың басылып шығуына байланысты өзіме көптеген мәліметтер мен деректер жинадым. Қазіргі әжемнің тұрып жатқан көшесіне Адамжанов Мұхтар атамның  аты берілді.

Менің атам - Адамжанов Мұхтардың қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып орден, бірнеше медальмен марапатталды.1967 жылы 19 сәуірде «Ленин орденімен», 1970 жылы 22 қаңтарда «50 лет Вооруженным силам СССР», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945»,«За освоение целинных земель», медаль «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» және «Ударник социалистических соревнований» деген төсбелгісімен марапатталған.

Менің ойымша, қазіргі заманның бақыты, тыныштығы, молшылығы және бейбітшілігі осы атам сияқты ардагерлеріміздің жасаған еңбектерінің, ерліктерінің арқасында десем, қателеспеспін.

1970 жылы желтоқсанның 10-ында атам өмірден өтті.

«Ер есімі ел есінде», - дейді халық даналығы. Отанын, жерін, елін қорғауда ерлік көрсеткен ардагерлеріміз жас ұрпаққа мәңгілік үлгі-өнеге болып қалмақ. Барлық ел-жұрт болып 9 мамыр күні ардагерлерді құрметтейміз. Біз де атамызды ардақтап еске аламыз.                       

Мен  атамды  мақтан  етемін.

Ибрайкина Айсара, 10-сынып оқушысы

      

Талай қиындықты бастан кешіп ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған, бейбіт күндері туған жердің көркейіп қанат жаюына өз үлесін қосқан азаматтар бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған аталарымыз аз емес. Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты көре алмай кетті. Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.

Менің үлкен атам, Саламбеков Хамит «Ұлы Отан соғысының ардагері, елге оралғаннан соң бейбіт өмірде адал еңбекпен Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болған, республика көлеміндегі дербес зейнеткер бүгінде ортамызда жоқ, бірақ айтарлықтай еңбек жолы бар. Қуанарлық жағдай, атам тұратын үйге мемориалдық тақта орнатылып, мәңгілік есте қаларлық ескерткіш тұрғызылды. Ол мемориалдық тақта көшенің ғана көркі емес, көңілдің көркі болып отыр (17.04.2010ж).  Қарттықты ғұмырының соңы деп емес сыры мен сын сағатынан сүрінбей өткен сәтті жылдары деп санайтын қариялар бар. Міне, осындай адамның бірі деп мен атамды айтар едім.

Әдемі қартая біліп, бойындағы жылдар бойы тырнақтап жиған қызметтің тәжірибиесін сәттілікпен пайдаланып, зор абырой иесі, ел ағасы деген атақты өмірінің соңғы минутына дейін алып жүрген ардақты әке, адал жар, сүйікті ата, жауапкершілігі мол қызметкер, тұғандардың қамқоршысы, адалдық пен шындықтың эталоны.       

1942 жылы әскер қатарына алынған жас жігіт жауға қарсы тұрып, Отан үшін жанын шүберекке түйіп еліне Жеңіспен аман-есен 1949 жылы оралды. Атам «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги», «За трудовое отличие» медальдарының иегері және Ұлы Отан соғысының орденімен марапатталды.

Елге келген соң көп жылдар басшы қызметтерде абыройлы еңбек етті. Атап айтсақ, Май, Лебяжі аудандарында райкомның екінші хатшысы, ауыл шарушылығында да басшы қызметтерде болды.

Біз, кейінгі ұрпақ, ардагерлерді құрметтеп, олардың ерліктерін бағалап, игі істерін ұмытпай еліміздің бейбіт өмірін сақтау үшін жақсы оқып, еңбек етуіміз керек. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл, осы уақыт ішінде соғыс ардагерлерін ұлықтау, құрметтеу бір сәт те ойдан шыққан жоқ.

Ата, тау тұлғана бас иемін! Жаңыныз жәннатта болсын!

Уалихан Адина, 6а сынып оқушысы

Мой прадедушка, ветеран Великой Отечественной войны, Рахимбеков Жумахан родился в 1902 году в  Узумбайском  ауле Абралинского района Семипалатинской области, похоронен в 1990 году Абайском ауле Майского района Павлодарской области.  Его судьба связана с историей нашей страны, 15-летним парнишкой он встретил революцию, испытал трудные годы коллективизации, с 1925 по 1931 годы трудился на строительстве Туркестанско-Сибирской железнодорожной дороги, в 1935 году переехал в село Майское Майского района Павлодарской области, устроился на Мойский рудник рабочим. Мойское месторождение огнеупорных глин разрабатывалось Кузнецким металлургическим комбинатом с 1930 года. Из огнеупорных глин Мойского рудника изготавливались шамотный кирпич и формы для разлива стали. Моя прабабушка  Жумаш работала в колхозе. В их семье было двое девочек: Макен (1936) и Рахила (1939). В 1941 году  прадедушка Жумахан был призван в армию. Как рассказывала бабушка Макен,  в годы войны вся тяжесть легла на плечи прабабушки Жумаш: она  работала и грузчиком, и сторожем, и пекарем, чтобы прокормить двоих маленьких детей.  Прадедушка Жумахан  служил в 228 стрелковой роте, а с сентября 1944 года в 883 стрелковом полку, стрелком 7 роты. В январе 1945 г. был ранен, после выздоровления продолжил службу. 6 августа 1945 г. на основании Указа Президиума Верховного совета СССР был демобилизован. Всю войну прадедушка прошел рядовым солдатом, это о них писал поэт: «Пехотинец – солдат, ты пешком и бегом, по-пластунски,  по грязи, в снегу под огнём, нашу землю родную прошел»

После демобилизации до 1970 года прадедушка Жумахан работал на Мойском руднике рабочим, плотником. За долголетний добросовестный труд от имени Президиума Верховного Совета СССР награжден медалью «Ветеран труда» (27.06.1978).

Как ветеран Великой Отечественной войны награжден юбилейными медалями «50 лет Вооруженных сил СССР»,  «60 лет Вооруженных сил СССР», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг».

 Аскарбеков Адиль, ученик 10 класса

  

Менің атам ардагер

Соғысқа барып келді арғы атам

Осымен достарыма мен мақтанам

Немістік фашистерден құтқарды ол

Оның бұл ерлігін үлгі тұтам.

Атама үлкен алғыс айтамын,

Маған осындай өмір сыйлаған.

Бірде-бір рет оны көрмесем де,

Мен білемін, менің атам жақсы адам.

Атам менің - бойтұмарым, серігім,

Атамды қатты жақсы көремін.

Қазір бізбен бірге болмаса да,

Мен оны еске ала беремін.

  

Макшаров Рамазан, 9ә сынып оқушысы, Ақсу қаласының тумасы,

соғыс ардагері Макшаров Құрманғалидың шөбересі

Менің атам Оспантегі Ғайнелһаят Неғматоллаұлы 1921 жылдың 25 желтоқсанда Алтай өңіріндегі, Стараберинка ауылында дүниеге келген. 1939 жылдың қыркүйегінде Кеңес армиясының қатарына алынды. Алғашқыда атам 808 атқыштар полкінде болып, кейін 491 атқыштар полкіне ауыстырылады. Ұлы Отан соғысының отты күндері, 1941 жылдың жазында Орталық майданда майор болып, Бірінші Украина майданында жаумен шайқасып, кейін Воронеж, Мәскеу, басқа да көптеген қалаларды азат етуге қатысқан. Атам соғысты Фин соғысынан бастап, Берлинге дейін жетті. Cоғысқа бастан аяқ қатысып, 1945 жылдың 9 мамырында Берлинде жеңіс туының көтерілуіне қатысқан екен. Соғыстан кейін ауылға қайтып келді. Биыл атам тірі болғанда 93 жасқа толар еді. Атам өз балаларына өнеге, үлгі болатындай көп іс қалдырды. Мен атамды мақтан тұтамын. Атамның жеңісі – менің де жеңісім!

Касымова Динель 9а сынып оқушысы

Менің атамның аты Ырымжан Абырайұлы. Ол Павлодар облысы Баянауылдағы  Жантас тауында 1898 жылы дүниеге келген. 1941 жылы 16 қарашада Павлодар облысы,Қарабай аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылған. 6 айдан кейін оң аяғымен сол қолынан ауыр жарақат алып, госпитальда емделді. Жартыжыл емделгеннен соң, атам қайта соғысқа аттанды. Бұл жолы 1942-1943 жылдары Ленинград  майданында  жаумен шайқасты. 1943-1944 жылы Смоленск, Брянск қалаларын  жаудан азат етуге қатысқан. Сол ерлігі үшін «Ерен ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жауды өкшелей қуып, Берлинге апарып күйреткен. Қанды да қиын шайқасты 1945 жылдың мамырында Берлиннен 60 шақырым жердегі Шпрее өзенінің бойында жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы жаяу әскер қатарында болып, 1945 жылы Ұлы Жеңісті қарсы алып, еліне аман-есен қайтып оралды.

Фашистік Германияның кесірінен болған екінші дүниежүзілік соғыстан қанша адам қаза тапты. Қаншама отбасына орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан кейінгі жылдары атам мен апам бірге алты бала тәрбиелеп өсірді. Ырымжан атам ауылдағы ең сыйлы, құрметті азаматтардың  бірі болды. Бүгінде Ырымжан атамның суретіне қарап, кеудесіндегі жарқыраған  медалін көргенде жүрегімде мақтаныш пен толғаныс сезімдері туындайды. Атамның жасалған ерліктері үшін шаттанып, қуанамын. Шіркін, атам тірі болып, биылғы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын тойлағанда ғой...

        

Жалелова Баттима, 9а сынып оқушысы

Ата өсиеті

Отан – анаң қорға оны жан балам,

Отан үшін  отқа түс – деп жар салам.

Деп айтады атам маған өсиет,

Өсиетті орындауға жан салам.

Жеңіс күнін қуанышпен тойлаймыз,

Алғы күнді жақсылықпен ойлаймыз.

Отан үшін күрескен батырлардың,

Ерліктерін еске алуды қоймаймыз.

Садыбеков Жандос,  4а сынып оқушысы

Кәрі солдат сыры

Көз көрмейді, көкірек ояу, ал бірақ,

Жүре алмайсың аяқ – қолың қалтырап.

Жүректерде өшпес мәңгі із қалды,

Соғыс салған мәңгілікке қара дақ.

Сырылдайды кәрі кеуде, ал бірақ,

Шыққандай бір, Шолпан жұлдыз шамшырақ.

Шат өмірдің белгісіндей бүгінгі,

Жарық сәуле көрінеді жалтырап.

Жастығымды жұтып қойды, ал бірақ,

Отаным бар жасыл жайлау атырап.

Жеңіс күнін тойлап жатыр ел бүгін,

Жауың қалды санын соғып, тантырап.

Қыршын кетті азаматтар, ал бірақ,

Артында бар қаулап өскен бал құрақ.

Ел мен жерді жауға бермес ұрпақ бар,

Осы бір ой, жүрегімді толтырат!

Жармағамбетова Гүлбаршын, «Күміс алқа» иегері, зейнеткер

     

Атамның ерлігі - мен үшін үлкен мақтаныш. Сонау сұрапыл жылдары біздің болашағымыз үшін, Отанымыздың бостандығы мен бейбітшілігі үшін жанқиярлықпен ерлік көрсеткен қазақстандықтардың қатарында менің атамда ажалмен арпалысып, кеудесін оққа тосты. 

Атам, Асқар Қайыргелдіұлы 1925 жылы 1 қыркүйекте Құркөл ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 20 маусымда Баянауыл әскери комиссариатынан соғысқа аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінде атқыштар полкінде болып, кейін танк дивизиясына ауыстырылды. Ұлы Отан соғысының отты күндері ІІІ Беларусь майданында шайқасып, көптеген қалаларды азат етуге қатысқан. Осы ерліктері үшін,  «За отвагу» орденімен, «За взятие Кеннингсберга»,  «За победу над Германией» медальдарымен марапатталған.                                                       

Әскери міндетін соғыстан кейін 50-ші жылға дейін Кеннингсберг танк училищесінде полк командирі болып қызмет етті. Одан кейінгі еңбек жолы партиялық шаруашылық жұмыстарын атқарумен жалғасты.

Тірі болса атамыз биыл 90-ға толар еді.

Атамыз өз балаларына өнеге, жыл сайын атамызды еске алып, танкистер күні облыс көлемінде футболдан турнир ұйымдастырылады.                       

Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл болады. Атамның жеңiсi – менiң де жеңiсiм. Мен өзiмнiң атамның майдангер болғанын, ұрыста ерлiк көрсеткенiн мақтаныш етемiн. Олар бiздiң тыныштығымызды қорғады, кейiнгi ұрпақтың бейбiтшiлiкте өмiр сүруi үшiн қан төктi, сол жолда құрбан болды.                                                     

     Хайргельдинов Асқар, 11 сынып оқушысы

Отан үшін от кешкендер

Ел басына күн туған,

Ауыр болды сол күндер.

Отан үшін шоқ ізі,

Естен кетпес сол күндер.

Отан үшін ар бермеген,

Отан үшін жан тербеткен,

Жеріндегі  ұл мен қызым,

Қазіргі күні ер боп жеткен!

Ол күндер де өтті ғой,

Бақыт болып жетті ғой!   

Рамазанова Аяулым, 6ә сынып оқушысы

Жеңіс күні

Келешек ұрпағының бақыты үшін

Аталарым жеңіс күнін жақындатты.

Сол уақытта бейбіт болды керегі,

«Жерім», -деп соқты ердің жүрегі.

Жеңіспен келді халыққа

Ержүрек,батыр ағалар.

Бақыт берген халыққа,

Қаһарманға арналды әр жырлар.

Жеңіс келді еліме,

Жеңіс келді жеріме.

Жеңіс келді бақыт боп,

Жеңіс келді ән болып.  

Батай Аружан, 6ә-сынып оқушысы

Батыр бабаға тағзым  

Қаймықпаған қиындықтың түгінен.

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен,

Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! 

Менің ұлы атам  Жұманов   Арын Жұманұлы 1913 жылы   Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңатап ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 1942 жылы Қызыл Армия қатарына Арын атам  да шақырылыпты. Ол 1944 жылы неміс-фашист әскерлерінен Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғауға ат салысты. Өзінің қырағылығы мен қайсарлығының арқасында 215–шы атқыштар дивизиясының, 215-ші атқыштар полкінің артиллерия басшысы болады. Осы соғыста ауыр жарақаттанады. Бірақ 1945 жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин қаласының төбесіне Жеңіс туын тіккенге дейін соғыста болған.

Ол «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, “Отан соғысы II дәрежелі” ордені, ”Қызыл жұлдыз”, “Ерлігі үшін” медалі, ІІ, ІІІ  дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған және тағы да басқа медальдері бар.

Қазақ: «Қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді» деген ғой. Атам Жеңіс аяқталған соң, туған ауылына келіп, 30 жыл бойы  аянбай қызмет еткен.  Ауылдың көркеюіне көп үлес қосқан адам. Біз, ұрпақтары, осындай ардагер атамызды әрқашан мақтан тұтамыз.

шөбересі Қабыкен Жандос, гимназияның «Көркем сөз шебері»  үйірмесінің мүшесі, 6ә -сынып оқушысы

Майдангер атам

    Менің нағашы атам  -  Давлятчин   Василий   Михайлович  1926 жылы Алтай өлкесі  Құлынды ауданы  Қаракөл ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Қаракөл жеті жылдық мектебінде 1 сыныпқа барып, 1942 жылы осы мектепті үздік аяқтаған соң, мұғалім болып орналасады.  1943 жылы 17 жасында әскер қатарына шақырылады.  Минометтер дайындайтын курсты бітіріп, 1944 жылы майданға аттанады. 1944-1945 жылдарда Шығыс Пруссияда  Кенисберг қаласын алу кезіндегі жан аямай күресті. Шайқас кезінде ерекше табандылық пен тапқырлық көрсеткені үшін «За отвагу», «За боевые заслуги», «За взятие Кенигсберга» медальдары және Ұлы Отан соғысы ордені мараппаттарға ие болады.  1950 жылы елге оралып, бейбіт өмірде еңбекке араласады. Құлынды ауданы Қаракөл қазақ негізгі мектебінде математика пәнінен сабақ берді. Жұмыс істеп жүріп, Павлодар педагогика училещесін, сосын Алматы қаласындағы ҚазМУ-нің тарих факультетін аяқтайды.  Құрметті демалысқа шыққанша Құлынды ауданы Қаракөл орта мектебінде математика және география  пәндерінен сабақ берді. Көптеген оқушылары атамның жолын қуып ұстаздық  қызметін таңдаған. Солардың бірі - қыздары: Давлятчина Светлана Васильевна - бастауыш сынып мұғалімі болып 40 жылдан астам еңбек етіп, қазіргі кезде зейнеткер  және  Давлятчина Салима Васильевна - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназия мектебінде математика пәнінің мұғалімі.

     Атам қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан. Құлынды ауданы Керей ауылының партия ұйымында хатшы қызметін атқарды. Қаракөл қазақ орта мектебінде мұражай ашылды. Сол мұражайда атамның орден - медальдері, марапаттау құжаттары сақталып келеді.

       Атамның соғыс пен бейбіт өмір жылдарындағы өмір жолы әрқашан жүрегімде.

   6а сынып оқушысы: Купиярова Меруерт