Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда112166
Бір айда4831
Бір аптада392
Кеше29
Тәулік59
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 156
өздігінен білім алу - 99
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 38
электрондық ресурстардан - 12
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 311
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
ОҒҚ “Ізденіс”

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ереже

1.1   Оқушылардың ғылыми-қоғамы-бұл ғылыми зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектісін дамытуға таланттанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі.

1.2  Оқушылардың ғылыми-қоғамы білім беру мекемелерінде құрылады,өзінің атауы,эмблемасы,девизі,дәстүрі болады,

1.3  Оқушылардың ғылыми-қоғамы өз құрамына жеке секциялар,ғылыми үйірмелер,клубтар және ғылымның әр түрлі бағытындағы қоғамдарды енгізе алады.

1.4  Оқушылардың ғылыми-қоғамының қызметі Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Білім беру жөніндегі» Қазақстан Республикасының білім және ғылымМинистірлігінің нормативтік құқықтық актыларына,Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына және осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырылады.

1.5  Оқушылардың ғылыми қоғамы қызметін ұйымдастыруды қоғам құрылып отырған мекеме жетекшісі іске асырады.

 

2.Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері.

Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері болып:

2.1 Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту,ғылыми ізденудің әдістерін оқыту,шығармашылық сыйпаттағы жеке тұлғалары тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу:

2.2    Оқу мекемелеріне оқушыларды тәрбиелеуде,олардың жана жақты дамуына,еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарағанда өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға,жоғары адамгершілік қасиеттер мен рухани мәдиниетін дамытуға белсенді  түрде көмектесу:

2.3    Мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық тандауына және мамандық бағытына көмектесу болып табылады.

 

3.Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру.

3.1    Оқушылардың ғылыми қоғамына осы қоғамда жұмыс істеуге тілек білдіргендер және мұғалімдер,әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынып оқушылар мүше бола алады.

3.2    Оқушылардың ғылыми қоғамының жоғары ұйымы тәртіп бойынша жылына бір рет шақырылатын қоғам мүшелерінің сессиясы болып табылады.

3.3     Сессияда оқу жылының міндеттері айқындалып,нәтижелері шығарылады,жеке секциялар жұмысы және қоғам мүшелерінің есебі тыңдалады,жұмыс жоспары бекітіледі және басқада шешімдер мен құжаттар қабылданады.

3.4     Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына сессия аралығында құрамында оқушылар,педогогикалық ғылыми орталықтардың және оқушылардың ғылыми қоғамының қызметіне қатысатын түрлі ұйымдардаң өкілдері бар сессияда сайланған үйлестіру кеңесі жетекшілік жасайды.

3.5      Оқушылардың ғылыми қоғамында басшылық және сабақтарды кеңесшілер мен ғылым жетекшілермен қамтамасыз өтуді қоғам құрылган оқу орны атқарады.

3.6     Оқушылардың ғылыми қоғамында мамандар,ғалымдар және мұғалімдер келісім-шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді.Олар секцияларға,оқушылардың ғылыми бірлестігіне сол сияқты оқушылар таңдап алған тақырыптағы жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.

3.7      Оқушылардың ғылыми қоғамы бөлімшелерінің жетекшілері үйлестіру кеңесімен келісілген арнайы бағдарламалар жасай алады,ол қоғам жұмыс істейтін мекеме жетекшісімен бектіледі.

3.8      Ғылыми жетекшінің,кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмыс бойынша ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасында кемінде бір рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.

3.9      Қорытынды сабақ көптеген оқушылар мен қазылар алқасында шақырылған ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдарды қатыстыра отырып конференция түрінде өткізіледі.

3.10      Қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдап,оларды мектептерде өткізілетін ғылыми жоба жарыстарына ұсынады.Конференция жеңімпаздарына дипломдар,ескерткіш награда,демеушілердің сыйлықтарын тапсырды.

 

4.Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

 Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:

4.1 Секция жұмысына,барлық іс-шараларға қатысуға

4.2 Әр түрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;

4.3 Қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;

4.4 Өз жұмысын ғылыми жоба жарыстарына,ғылыми конференцияға қатысу үшін жариялауға;

4.5 Оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы филиалы жұмыс  істейтін лаборотория мен кафедралардың құрал –жабдықтарын пайдалануға;

4.6 Ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жоба жарыстарына қатысуға;

4.7 Оқушылардың ғылыми қоғамыңдағы белсенді жұмысы  және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы,құрмет белгісімен,диплом марапатталуға үшін ұсынылуға құқықты.

4.8 Оқушылардың ғылыми  қоғамының әрбір мүшесі:

- ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-  іздену жұмыстарын жүргізуге;

- саналы білімге және  ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға,өзінің ғылыми деңгейіе көтеруге;

- оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;

- мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға,

- оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауыпты орындауға;

- қоғам жұмыс істейтің ғылыми мекеменің  лаборатория, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға;

- бір немесе бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге,конференция,жорықтарға қатысуға,таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен  тереңдетуге, оқушылар мен халық арасында білімді насихаттауға қатысуға;

-өз жұмысы жөнінде шығармашылық топта,сессияда,конференцияда есеп беруге міндетті.

 

Гимназия оқушыларының «Ізденіс» ғылыми қоғамы

Жетекшісі: Мұханова Үміт Қабиденқызы

Белгісі:

  

Ұраны:

«Өмірді тану – ғылым, өзіңді білу- өнер»

Мақсаты: Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту өзін-өзі анықтау, өзін  іс жүзінде көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Міндеттері:

·   өмірді тануға, пәнді терең оқып үйренуге деген мүдделерге тәрбиелеу;

·   ғылыми- зерттеу ептілігін дамыту, өз бетінше және шығармашылық түрде ойлай білу, алынған білімді іс жүзінде қолдана білу;

·   ғылыми әдебиетпен өзбетінше жұмыс істеуге, алынған мәліметтерді  өңдеу және нәтижелерді талдау, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп пен баяндаманы құрастыру мен безендіру әдістеріне үйрету;

·  отандық және әлемдік, техника, әдебиет, өнер жетістерін насихаттау.

 

ОҒҚ жұмысын  ұйымдастыру

1.     Олимпиада резервінің мектебі

·        облыстық, республикалық олимпиада;

·        облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалды марафондар;

·        Қазақстан Интернет Олимпиада. 

2.     Ғылыми мектеп

·        ғылым және шығармашылық күні;

·        Сәтбаев апталығы;

·        ғылыми- практикалық конференциялар;

·        облыстық, республикалық ғылыми жоба сайысы

 

3.     Эрудиттер одағы

·        Дебат клубы

·        КТК (көңілді тапқыштар клубы)

·        «Ақыл- ой Одессей» орталығы

·        «Интеллект» орталығы

                   «Ізденіс» ғылыми қоғамының кеңесі

1.     Иманғазина Адина – 11 сынып оқушысы

2.     Сейлханова Дария – 11 сынып оқушысы

3.     Ахметова Замира – 11 сынып оқушысы

4.     Рамазанов Дархан – 10 сынып оқушысы

5.     Өмержан Ақберен – 10 сынып оқушысы

6.     Мұсаипов Қуат – 10 сынып оқушысы

7.     Сатпекова Әлемгүл – 10 сынып оқушысы

8.     Дулатова Назгүл – 9 сынып оқушысы

9.     Қайыржанова Адия – 9 сынып оқушысы

10.   Ибрайкина Айсара – 8 сынып оқушысы

11.    Амангелді Айдана – 8 сынып оқушысы

                   

Гимназияның ғылыми- әдістемелік кеңесі

1. Б.М. Қадырова – С. Торайғыров атындағы ПМУ қазақ филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

2. Г.Е.Асылбекова – ПМПИ биология кафедрасының ұстазы, биология         ғылымдарының кандидаты.

3.М.К. Омаров – ПМПИ география және экология кафедрасының аға ұстазы.

4. Р.Х. Сламбекова – гимназия директоры

5. К.М. Аккентаева – ғылым жөніндегі директордың орынбасары.

6. Ү.К. Мұханова – «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамының жетекшісі

7. Б.Ш. Ибраева – тарих пәнінің мұғалімі

8. А.А. Жакупов – география пәнінің мұғалімі

9. А.Қ. Баядилова – информатика пәнінің мұғалімі.

 

Оқушылардың «Ізденіс» ғылыми қоғамының жұмыс жоспары

Өткізілетін іс- шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысына икемдігін анықтау диагностикасы

Қыркүйек

Психолог, ғылыми жетекшілер.

2

Ғылыми жоба жұмыстарын алдын ала тыңдау. Істелінген жұмысқа сын тұрғыдан талдау жасау.

Қазан

Ғылыми әдістемелік кеңес

3

Облыстық ғылыми жоба сайысына қатысушылардың презентациясы

Қараша

Ғылыми жетекшілер Мұханова Ү.К.

4

Университет ғалымдарының қатысуымен отырыстар өткізу.

Жыл бойы

Аккентаева К.М.

5

Ғылым және шығармашылық күні

Қаңтар

«Ізденіс» ОҒҚ Мұханова Ү.К.

6

Шығармашылықпен жұмыс істейтін үйірме орталықтар есебі.

Ақпан

Бақырбекова Г.А., Жетекшілер

7

ҚИО, интеллектуалдық марафондарға қатысу.

Жыл бойы

Аккентаева К.М.

8

Республикалық «Ақыл- ой Одессей»  ойынының республикалық байқауына қатысу.

Наурыз

Амренова А.Б. Смагулова А.Е.

9

Сәтбаев апталығы.

Халықаралық «Сәтбаев оқулары» атты- ғылыми практикалық конференциясына қатысу.

Сәуір

Аккентаева К.М.  Мұханова Ү.К.

10

«Дарындыға – дархан жол» атты шығармашылық кеш

Мамыр

Аккентаева К.М. Бақырбекова Г.А.