Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Ленинград блокадасы: Ерліктің 900 күні» тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі Дүйсембаев Ә.К. 10 сынып
04-03-2015 10:51
«Ленинград блокадасы: Ерліктің 900 күні» тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі Дүйсембаев Ә.К. 10 сынып

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ - сыни тұрғыдан ойлап, іздендіру сабағы.

Өту формасы: жеке, топпен, жұппен.

Құралдар: түрлі түсті қарындаштар мен маркерлер, стикер.

Әдіс-тәсілдер:  галерея, сұрақ-жауап, ой толғау.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

1.Амандасу,  оқушылар назарын сабаққа аудару

1. Жаулап алушылар, Лениградтықтар, рух берушілер  деп үш топқа  бөлемін.

 Жаңа сабақ

10мин

Жаңа тақырыпқа шығу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Ұлы Отан соғысы”туралы видео көрсету.

 

18мин

Галерея арқылы оқушылар берілген мәліметті жеке,бір-біріне түсіндіру,топта талқылап, постерге түсіру.

І топ:Фашистердің саясаты.

ІІ топ:Ленинград блокадасы

ІІІ топ: Ерлік көрсеткендер, рух берушілер

Бекіту

10мин

Ой толғау тақырыбын хабарлайды

Хат жазу

І топ:Болашаққа хат

ІІ топ:Ленинград блокадасында болған  адамдарға

ІІІ топ: Ерекше ерлік көрсеткен

Рефлексия

5мин

 

ББҮ

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.