Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Мектебіздің «Ерлік даңқ залы»
10-03-2015 09:22
Мектебіздің «Ерлік даңқ залы»

Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз.Соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, қанқұйлы жауды ойсырата жеңген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырларының есімін ешқашан ұмытпаймыз, келешек ұрпаққа насихаттап жүруді мақсат етеміз. Мектебімізде Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 65 жылдық қарсаңында «Ерлік даңқ залы» ашылған еді. Осынау тарихы мен құрметке толы залды ашу рәсімін  сол кездегі Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Рахимжанов Ержан Мэлсұлы және Ұлы Отан соғысының ардагері Файзуллин Зияиден өткізген еді.

Залда қазақ елінен шыққан Кеңес Одағының батырларының фото суреттері мен өмірбаяндары жазылған деректер мен құжаттар жинақталған  галлерея бар. Әрине ерекше қасиеттеп, үлгі тұтатын қазақ батыры Бауыржан Момышұлына жеке стенд арналған.

Қызу қанды командир ол намысты,

Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың

                                                                    Батыр ата Бауыржандай арысты  - дегендей батыр атамыздың суреті мен өмір жолынан қысқаша мәлімет берілген Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған  ер ғана бақытты» дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Келесі фото көрме осы білім ордамызда қызмет ететін  мұғалімдер, жұмысшылар мен оқушылардың ардагер аталары мен қаһарман батырлардың есімдеріне арналған. Қазіргі ұрпақ тәуелсіз, бейбіт елдің азаматы болу үшін қан төккен ата-бабаларымыздың ерлігін еш уақытта ұмытпайды деп сенеміз.Осы Ерлік даңқ залы Тәуелсіздік, Жеңіс күні, Тұңғыш Президент күні, Конституция күніне орай түрлі патриоттық шараларды өткізуде оқушыларымыздың бойында ұлтжанждылық, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын бірден-бір қасиетті орын.

Тарихты адамдар жасайды. Адам тағдыры тек өзіне ғана тән қайталанбас жайт. Мұрағаттар мен мұражайлардағы әрбір адамның құжаттары зерттеушілердің назар аударуына лайық. Көптеген ғасырлар өтсе де, Ұлы Отан соғысында көрсетілген жауынгерлер ерлік түрлі құжаттарда, фотосуреттерде, топтамаларда, өнер шығармаларында сақталынған осы Ерлік даңқ залы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде оқу – тәрбие үрдісінде үлкен орын алады.